Единый контакт-центр

1414

+7-7172-906-984

Категория

Условие поиска

Государственный орган *

Публичное обсуждение до

С По

Тип

Статус

Дата создания

С По

 

«О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования»

Краткое содержание:
Статус: На рассмотрении
Версия проекта:   Версия 1
Тип НПА: Приказ
Дата создания: 28/09/2021
Публичное обсуждение до: 2021-10-12 00:00:00.0
Государственный орган НПА: Комитет по обеспечению качества в сфере образования Министерства просвещения РК
Приложенные документы:
  • Скачать
  • Скачать

 

«Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы

8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) жаңа өзгерістер

көрсетілген бұйрықпен бекітілген кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:

4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «4.   Қағаз форматтағы КТ-ға қатысу үшін түсуші желілік  ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжат тапсыру кезінде);

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3x4 сантиметр өлшемді екі фотосурет;

5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075-У нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық құжаттама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);

6) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек.

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Құжаттарды салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқа қайтарылады.

КТ-ға қатысу үшін өтініш берген үміткерлерге ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы құжаттардың қабылдануы туралы қолхат (еркін нысанда) беріледі.

Компьютерлік форматта КТ-ға қатысу үшін түсуші Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының (бұдан әрі – ҰТО) ақпараттық жүйесі арқылы өтініш тапсырады.

Қағаз немесе компьютерлік форматта КТ-ға қатысу үшін көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты (бұдан әрі – мүгедектікті белгілеу туралы құжат) ұсынған кезде қажет болған жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы директорының атына көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер үшін КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын көмекші және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманның қажеттілігі туралы еркін нысандағы қосымша өтінішті бере алады.

Белгілі бір аумақта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде осы аумаққа оқуға түсушілер осы тармақтың 5) тармақшасында және үшінші абзацында көрсетілген құжаттарды шектеу іс-шараларының алынуына, төтенше жағдай қолданысының тоқтатылуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.»;

5-тармақ алынып тасталсын:

8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «8. Қағаз форматтағы КТ өткізу кезінде ЖЖОКБҰ және желілік ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясының құрамын ЖЖОКБҰ басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға бекітеді.

Желілік ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының функциялары:

1) оқуға түсушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының таңдап алынатын тобының мәселелері бойынша консультация беру, КТ рәсімдерімен таныстыру;

2) құжаттарды қабылдауды және тексеруді ұйымдастыру;

3) оқуға түсушілерге КТ форматы және жауап парағын толтыру жөнінде консультация беру;

4) тестілеуге рұқсаттамаларды беруді қамтамасыз ету .

ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясының функциялары:

1) желілік ЖЖОКБҰ-ның техникалық хатшылары мен жауапты хатшыларына консультация беруді ұйымдастыру;

2) оқуға түсушілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының таңдап алынатын тобының мәселелері бойынша консультация беру, КТ рәсімдерімен таныстыру;

3) оқуға түсушілерге жауап парағын дұрыс толтыру бойынша консультация беру;

4) құжаттарды қабылдауды және тексеруді ұйымдастыру;

5) КТ өткізу үшін аудиторлық қорды қалыптастыру;

6) КТ-ге арналған техникалық жабдықтың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

7) желілік ЖЖОКБҰ-ның жауапты хатшысына КТ-ге рұқсаттама беруді ұйымдастыру.»;

8-1, 8-2 және 8-3тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«8-1. КТ-ны қағаз және (немесе) компьютерлік форматта өткізу үшін жергілікті жерлерде КТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссиялар (бұдан әрі – өңірлік мемлекеттік комиссиялар) құрылады, оларды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

8.2. Өңірлік мемлекеттік комиссияның төрағалары болып КТ ұйымдастыру мен өткізуді, сондай-ақ ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс пен бейнебақылау сигналдарын беретін металл іздегіштерді, құрылғыларды пайдалануды қамтамасыз ететін ЖЖОКБҰ-ның басшылары тағайындалады.»;

8-3. Өңірлік мемлекеттік комиссияның құрамына құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.

Өңірлік мемлекеттік комиссия мүшелерінің саны бес адамды құрайды.

Қағаз форматтағы КТ кезінде өңірлік мемлекеттік комиссия:

1) КТӨП-те тестілеуді өткізу үшін аудиторлық қорды бекітеді;

2) кезекшілердің құрамын және нұсқама өткізуді бекітеді;

3) тестілеуге кіру кезінде түсушілерді кіргізуді ұйымдастырады;

4) тестілеуге кіргізу кезінде металл іздегіштерді пайдалануды және қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастырады;

5) «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы есепке алу және есеп беру құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) 135-қосымшаға сәйкес ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын беретін құрылғыларды пайдалануды, сондай-ақ электромагниттік өрісті өлшеу хаттамасын алуды ұйымдастырады;

6) КТ өткізу кезінде кезекші және медициналық персоналмен жұмысты ұйымдастырады

7) тестілеу материалдары салынған қапшықтарды ашқанда қатысады

8) түсушілердің тестілеу кезінде шкафтардағы (ұяшықтардағы) жеке заттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
9) КТ шеңберінде мүгедектер, оның ішінде көру қабілеті бұзылған мүгедектер, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектер үшін тапсырылатын пәндер оқытушылары болып табылмайтын адамдар қатарындағы көмекшінің және (немесе) мүгедектікті белгілеу туралы құжатты көрсеткен кезде есту қабілеті бұзылған мүгедектер мен мүгедектер үшін ымдау тілін меңгерген маманның ұсынылуын ұйымдастырады;

10) тестілеу әкімшілерімен бірлесіп, осы Қағидалардың 15 - тармағында көзделген дәлелді себептер бойынша тестілеуге қатыспаған адамның КТ-ға қатысуы туралы шешім қабылдайды.

11) апелляциялық комиссияның жұмысы үшін жағдай жасайды;

12) бейнебақылау жүргізілетін үй-жайда жойылғанға дейін тестілеуге пайдаланғаннан кейін кітапшалардың сақталуын қамтамасыз етеді;

 Бұл ретте өңірлік мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері тестілеу өткізу барысына қатыса алмайды.

Компьютерлік форматтағы КТ өткізу кезінде өңірлік мемлекеттік комиссия:

1) тестілеуге кіргізу, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуді;

2) КТ өткізу пунктеріндегі санитарлық-профилактикалық шаралардың сақталуы бойынша жоспарды жергілікті жердегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен келісуді;

3) КТ өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыруды;

4) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер мен мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты көрсеткен жағдайда КТ шеңберінде тапсырылатын пән мұғалімі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді ұйымдастыруды.

5) түсушілердің тестілеу кезінде шкафтардағы (ұяшықтардағы) жеке заттарының сақталуын қамтамасыз етеді;

Бұл ретте өңірлік мемлекеттік комиссия төрағасы мен мүшелері тестілеу өткізу үрдісіне қатыспайды.

11, 12, 13 және 14-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

 «11. КТ:

1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;

2) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін: қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;

3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін: ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі (таңдау бойынша) оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;

4) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тіліндегі (таңдау бойынша) тесттен;

5) араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін: білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) тесттен тұрады.

Бұл ретте, Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көзделген шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың біреуі бар тұлғалар магистратураға КТ шет тілі бойынша тестіден босатылады.

КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

12. КТ тест тапсырмаларының саны:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде  жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін:

1) шет тілі бойынша тест – 50;

2) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша – 15;

3) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін:

1) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша – 15;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша – 50 тест, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;

оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін:

1) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша – 15;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша – 50 тест, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;

шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін:

1) шет тілі бойынша тест – 50;

2) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша – 15;

араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін:

1) оқуға дайындығын анықтауға арналған тест – 30, оның ішінде: сын тұрғысынан ойлау бойынша – 15, аналитикалық ойлау бойынша – 15;

2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейінді пән бойынша – 30, екінші бейінді пән бойынша – 20.

13. КТ бойынша ең жоғарғы балл саны:

1) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – 150 балл;

2) оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – 100 балл;

3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – 100 балл.

4) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін – 80 балл;

5) араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 100 балл.

14. КТ-ға берілетін уақыт:

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін – 3 сағат 55 минут;

оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 40 минут;

оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 40 минут;

шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 5 минут;

араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 40 минут.»;

16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «16. КТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін КТӨП-ке тестілеу әкімшілері, білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатарынан бақылаушылар жіберіледі.  Тестілеу әкімшілері аудитория және дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайды.»;

18, 19, 20, 21 және 22-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

 «18. Ғимаратқа кіргізу және КТ өткізу барысы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте кіргізу, тестілеуді өткізу процесін бейнебақылау жазбасы, сондай-ақ тестілеуден кейін үй-жайда сақталған пайдаланылған кітапшалар тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ҰТО-ға беріледі.

КТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 30 тамызына дейін ҰТО тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды жүзеге асырады.

КТ-да Қағидалардың  35, 37  және 47-11-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғандығы анықталған жағдайда ҰТО тестілеу барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны туралы акт жасайды және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

Тестілеу барысында тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны туралы акт растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.

Комиссияның шешімімен тестілеу нәтижелері (КТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жыл бойына нәтижелері жойылады.

Тестілеу нәтижелері (КТ балдары) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлікті жойылғаннан кейін ҰТО түсушілерге жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.

 19. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа ақпаратты тасымалдау функцияларымен жабдықталған тыйым салынған ұялы байланыс құралдарын, смарт сағаттарды, сымды және сымсыз құлаққаптарды және басқаларды алып жүруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады.

Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған  заттар табылған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды және оқуға түсуші тестілеуге жіберілмейді.

20. Тестілеуге жіберу кезінде оқуға түсушілер ғимаратқа бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте жеке басын куәландыратын құжат негізінде оқуға түсушінің жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі, содан кейін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсаттаманы және рұқсаттама түбіртегін салыстырып тексеру жүргізіледі.

21. Қағаз және (немесе) компьютерлік  форматтағы КТ-ге кіргізу барысында «бөгде тұлға» анықталған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірлесе отырып бөгде тұлғаның қатысуымен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тестілеуге кіргізу барысында бөгде тұлғаларды анықтау актісін» жасайды. Оқуға түсуші тестілеуге жіберілмейді.

Тестілеуге «бөгде тұлғаларды» тартқан оқуға түсушілер тестілеуге жіберілмейді.

22. КТ өткізілетін күні тестілеу әкімшісі отырғызу парағын басып шығарады.»;

24-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«24. Қағаз форматтағы КТ өткізу кезде тестілеу әкімшісі оқуға түсушілерді отырғызғаннан кейін оқуға түсушілерге тестілеу материалдарымен жұмыс істеу ережелерін түсіндіреді. Бұдан әрі тестілеу әкімшісі аудиториядан үш түсушінің қатысуымен тестілеу материалдары бар қораптарды ашуды ұйымдастырады. Шақырылған түсушілер қораптағы мөрдің бүтіндігін тексереді. Қорапты ашуды жүргізеді, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу материалдарын ашу актісін жасай отырып, онда бар тестілеу материалдарын қайта есептейді.»;

35,36, 37 және 38-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

«35. КТ жүргізу кезінде түсушіге жол берілмейді:

- дәліз бойынша кезекшінің қызметін атқаратын тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға;

-  сөйлесуге;

- орнынан орын ауыстыру;

- тестілеу материалдарымен алмасу;

- аудиториядан тестілеу материалдарын шығару;

- аудиториядан 2 рет және ұзақтығы 10 минуттан артық шығуға;

- ғимарат пен аудиторияға енгізу, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппарат, ақпаратты тасымалдау функцияларымен кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), Ноутбуктер, плейерлер, модемдер (ұялы роутерлер), радио-электрондық байланыстың кез келген түрін (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), радио-электрондық байланыстың кез келген түрін (Wi-Fi (вай-фай), Bluetooth (Блютуз), DECT (дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5g (5 Джи), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққаптар және т. б.), шпаргалкалар;

- тестілеу материалдарын (жауап парақтарын және кітапшаларын) сыпыру , түзетуші сұйықтықты пайдалану, беттерді үзу арқылы бұзуды жүзеге асыру;

- бұл үшін қарастырылмаған секторларды бояу (жауап парағының нөмірі).

36. Қағаз және (немесе) компьютерлік  форматтағы КТ кезінде түсушіде осы Қағидалардың 35 және 47-11 тармақтарында көрсетілген заттар табылған, сондай-ақ түсуші осы Қағидалардың 35 және 47-11 тармақтарын бұзған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірге түсушінің қатысуымен осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт» толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.

37. Қағаз және (немесе) компьютерлік  форматтағы КТ-ны өткізу барысында бөгде тұлға анықталған жағдайда, тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірлесіп, бөгде тұлғаның қатысуымен осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тестілеу барысында бөгде тұлғаны анықтау актісін» жасайды. Бөгде тұлғалар аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.

Тестілеуге «бөгде тұлғаларды» тартқан адамдар тестілеуге жіберілмейді.

38. Қағаз форматтағы КТ уақыты аяқталған соң түсуші тестілеу материалдарын өткізуден бас тартқан жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірлесе отырып, түсушінің қатысуымен осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тестілеу уақыты аяқталған соң түсушінің тестілеу материалдарын уақытылы тапсырмау фактісі туралы акт» толтырылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылады.»;

40 және 41-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

 «40. Жауап парағы мен кітапшаны қабылдау барысында тестілеу әкімшісі жауап парағындағы барлық қызметтік секторлардың және кітапша мұқабасының толтырылуын тексергеннен кейін түсуші аудиториядан шығады.

41. Тестілеу әкімшісі тестілеу материалдарын қорапқа салады және бес түсушінің алып жүруімен тестілеу материалдарын КТ нәтижелері өңделетін кабинетке жеткізеді.»;

43-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«43. Жауап парақтарын сканерленуді тестілеу әкімшісі екі рет жүргізеді.»;

47-1, 47-2 және 47-3-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

 «47-1. Компьютерлік форматтағы КТ-ға кіру кезінде ғимаратқа түсушілер бір-бірден кіргізіледі, бұл ретте кіргізу кезінде жеке басын куәландыратын құжаттың немесе төлқұжат негізінде тұлғаның жеке басы бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканерленуі арқылы сәйкестендіру жүргізіледі.

47-2. Түсушінің жеке басын сәйкестендіру жүргізілген соң сканердің экранында  аудитория нөмірі мен отырғызу орны көрсетіледі.

Өз кезегінде, түсуші сканерде көрсетілген орынға отырады.

Отырған соң түсуші осы Қағидаларға 5-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырғызу парағына қол қояды, «ТАӘ» және «Компьютер нөмірі» бағанын қолмен толтырады.

47-3. Тестілеу басталғанға дейін тестілеу әкімшісі түсушіге тестілеу ережелері бойынша нұсқаулық өткізеді. 
Тестілеуді бастау үшін түсушіге:
1) логин көрсету;
2) құпия сөз көрсету;
3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;
4) тестілеуді өткізу ережелерімен танысу;
5) деректерінің дұрыстығын растау;
6) «Кіру» батырмасын басқаннан кейін тестілеуге өту қажет.»;  

47-5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«47-5. Тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін әрбір тестіленушіге А4 форматындағы қағаз беріледі, олар тестілеу аяқталғаннан және апелляцияға өтініш бергеннен кейін тестілеу әкімшісіне беріледі.

Тестілеу аяқталғаннан кейін оқуға түсуші «Тестілеуді аяқтау» батырмасын басу арқылы растайды.»;

47-7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«47-7. Одан әрі компьютер экранында «Апелляцияға өту» және «Апелляциясыз аяқтау» функциялары көрсетіледі. «Апелляцияға өту» функциясын таңдаған жағдайда, түсуші апелляцияға беру үшін дәлелді негіздемемен сұрақтарға көшеді. Апелляцияға өтініш тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минуттың ішінде беріледі.»;

47-11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«47-11. КТ жүргізу кезінде түсушіге рұқсат етілмейді:

- дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісінің  рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз аудиториядан (компьютерлік кластан) шығу;

- сөйлесуге, орнынан орынға ауысуға;

- аудиториядан 2 рет және ұзақтығы 10 минуттан артық шығуға;

- құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге
тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазбен алмасуға;

- құжаттарды және тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік класстан) шығаруға сонымен қатар оларды ұсақтауға  жыртуға;

- тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;

- шпаргалкаларды, оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, калькуляторды, фотоаппарат, ақпаратты тасымалдау функцияларымен кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, Ұялы Телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон)), Ноутбуктер, плейерлер, модемдер (ұялы роутерлер), радио-электрондық байланыстың кез келген түрлерін (Wi-Fi (Вай-фай), Bluetooth (Блютуз), Dect (дект), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), смарт сағат, сымды және сымсыз құлаққаптар және басқалар).

-  тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;

 - тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге рұқсат етілмейді.

Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.»;

47-12-тармақ алынып тасталсын;

47-13-тармақ алынып тасталсын;

47-14 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«47-14.  3637 және 38-тармақтарда көрсетілген тұлғалардың тестілеу нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.

КТ тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау осы Қағидалардың 42- тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Тестілеу аяқталғаннан кейін түсушілер тестілеу нәтижелерімен тестілеу интерфейсінің экранында және жеке кабинеттерінде танысады.»;

60 және 61-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

 «60. КТ-ның электрондық сертификаты тестілеу аяқталғаннан кейін немесе апелляцияға шағым қаралғаннан кейін (апелляция жағдайында)  жеке кабинетінде және ҰТО сайтында көрінетін болады.

 61. Электрондық куәлік ҰТО сайтында расталады және күнтізбелік жылғы 31 желтоқсанға дейін  жеке куәлікті көрсеткен кезде ғана жарамды болады.»;

Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 4-1-қосымша алынып тасталсын;

Қағидаларға 5-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 5-1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 6-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 10-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 10-1-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 10-2-қосымша алынып тасталсын;

Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 11-1-қосымша алынып тасталсын;

Қағидаларға 12-қосымша осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

Қағидаларға 13-қосымша осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні