О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата от 24 декабря 2021 года №12-2 «О районном бюджете на 2022-2024 годы»
Краткое содержание:Статус: На публичном обсуждении
Версия проекта: Версия 1
Тип НПА: Постановление Дата создания: 28/06/2022 Публичное обсуждение до: 2022-07-20 00:00:00.0 Государственный орган НПА: Бурлинский район Западно-Казахстанской области
Бөрлі аудандық мәслихатының
2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12-2 «2022-2024 жылдарға
арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бөрлі аудандық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 24 желтоқсандағы №12-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №26157 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022 – 2024 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2022 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 462 230 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 5 627 528 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 44 032 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 1 867 084 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша – 4 923 586 мың теңге;
2) шығындар – 13 244 805 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 235 547 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 393 435 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 157 888 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 1 018 122 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 018 122 мың теңге:
қарыздар түсімі – 2 068 360 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 2 698 109 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 647 871 мың теңге.»;
4 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 4 621 361 мың теңге көлемінде ескерілсін:
азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге - 201 648 мың теңге;
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге - 90 614 мың теңге;
балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетке - 19 843 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға - 9 220 мың теңге;
Протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар, арнайы жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар), техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары кеңейту, ақпаратты Брайль қарпімен енгізу/шығару арқылы сөйлеу синтезі бар портативтік тифлокомпьютер – 15 258 мың теңге;
мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету нормаларын ұлғайту, Spina bifida диагнозымен мүгедек балаларды бір реттік қолданылатын катетерлермен қамтамасыз етуге -15 084 мың теңге;
ымдау тілі маманының қызметін көрсетуге - 3 443 мың теңге;
санаторлы-курорттық емдеу - 1 764 мың теңге;
жалақыны ішінара субсидиялауға және жастар практикасына - 68 578 мың теңге;
жаңа бизнес - идеяларды жүзеге асыру үшін гранттарға – 46 558 мың теңге;
қоғамдық жұмыстарға - 10 201 мың теңге;
мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық - әлеуметтік мекелемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге - 99 770 мың теңге;
мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге - 85 527 мың теңге;
көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға – 149 186 мың теңге;
мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға бюджеттік кредиттер беруге – 183 780 мың теңге;
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға - 499 007 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, соның ішінде: инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және (немесе) жайластыруға - 526 435 мың теңге;
Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, соның ішінде: шағын және моноқалалардағы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға – 2 150 382 мың теңге;
мәслихаттар депутаттары қызметінің тиімділігін арттыруға- 2 901 мың теңге;
объектілер мен аумақтарды, халықты инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды табиғи дүлей зілзалалардан жүргізуге- 243 029 мың теңге;
Нәтижелі жұмыспен қамтуды дамытуға- 199 133 мың теңге.»;
5 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің және кредиттердің жалпы сомасы 2 293 981 мың теңге көлемінде ескерілсін:
факторлық-баллдық шкалаға негізделген мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне – 272 057 мың теңге;
жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар – 8 577 мың теңге;
еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - 7 460 мың теңге;
арнайы қозғалыс құралдары (кресло-арбалар) - 7 070 мың теңге;
санаторлы-курорттық емдеу - 6 101 мың теңге;
сурдотехникалық құралдар - 3 249 мың теңге;
тифлотехникалық құралдар - 4 011 мың теңге;
«Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 1 636 мың теңге;
әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттарын беру – 6 000 мың теңге;
Приурал ауылының кіреберіс автожолын орташа жөндеу - 0 теңге;
Бөрлі ауданының Ақсай қаласы оныншы шағынауданында №27А тоғызқабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) – 758 976 мың теңге;
Бөрлі ауданының Ақсай қаласы оныншы шағынауданында №26 тоғызқабатты көппәтерлі тұрғын үй салу (сыртқы инженерлік желілерсіз және абаттандырусыз) – 500 000 мың теңге;
Бөрлі ауданы Ақсай қаласының оныншы шағынауданындағы тоғызқабатты көппәтерлі тұрғын үйге қазандық орнатуымен, үй маңы аумағын салу және абаттандыру (№39-дақ) – 77 689 мың теңге;
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасына- 551 мың теңге;
Бөрлі ауданы Бақтыарал ауылында кешенді-блок модуль орнату- 15 000 мың теңге;
Ақсай қаласындағы Қарашығанақ-1 шағынауданда тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйді салу (№39 дақ, сыртқы инженерлік желілерсіз) – 625 604 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Осы шешім 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат хатшысы
Қ.Ермекбаев