Единый контакт-центр

1414

+7-7172-906-984

Категория

Условие поиска

Государственный орган *

Публичное обсуждение до

С По

Тип

Статус

Дата создания

С По

 

Приказ "О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 октября 2020 года № ҚР ДСМ - 133/2020 «Об утверждении государственного норматива сети организаций здравоохранения»

Краткое содержание:
Статус: На публичном обсуждении
Версия проекта:   Версия 1
Тип НПА: Приказ
Дата создания: 19/11/2021
Публичное обсуждение до: 2021-12-06 00:00:00.0
Государственный орган НПА: Министерство здравоохранения РК
Приложенные документы:

О внесении изменений в приказ

исполняющего обязанности Министра здравоохранения

Республики Казахстан от 15 октября 2020 года

№ ҚР ДСМ - 133/2020 «Об утверждении

государственного норматива сети

организаций здравоохранения»

 

 

ПРИКАЗЫВАЮ:

1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 15 октября 2020 года
№ ҚР ДСМ-133/2020 «Об утверждении государственного норматива сети организаций здравоохранения» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых  актов под № 21452) следующие изменения:

преамбулу изложить в следующей редакции:

«В соответствии с подпунктом 68) статьи 7 Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» ПРИКАЗЫВАЮ:»

государственный норматив сети организаций здравоохранения, утвержденный приложением 1 к указанному приказу, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

2. Департаменту инвестиционной политики Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан;

3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

 

 

Должность                                                                                              Ф.И.О.

 

 

 

Бұйрыққа қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-133/2020 бұйрығына 1-қосымша

 

 

 

 

Денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі

 

 

         1. Аудандық деңгейде:

      1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      халықтың орташа жылдық саны 50 (елу) бастап 500 (бес жүз) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын медициналық пункт*;

       халық саны 500-ден (бес жүз) бастап 1 500 (бір мың бес жүз) адамға дейін болатын әрбір елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын фельдшерлік-акушериялық пункт**;

      бекітілген халық саны 1 500 (бір мың бес жүз) бастап және 5 000 (бес мың) адамға дейін болатын елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын дәрігерлік амбулатория***;

      бекітілген халық саны 5 000 (бес мың) адамнан бастап 30000 (отыз мың) адамға дейін болатын елді мекенде (ауылдық округте) құрылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

      аудандық немесе ауданаралық аурухана құрамында аудандық орталықта құрылатын аудандық емхана;

      халық саны 30000 (отыз мың) адам және одан жоғары ауылдық елді мекендері бар аудандық аурухана жанынан құрылатын нөмірлік аудандық емхана;

      2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      аудан орталығында және аудандық маңызы бар қалаларда құрылатын аудандық аурухана****;

      халық саны 30000 (отыз мың) және одан жоғары ауылдық елді мекендері бар ауданда құрылатын нөмірлік аудандық аурухана;

       қызмет көрсетілетін халықтың саны 50 000 (елу мың) және одан жоғары бірнеше жақын орналасқан аудандардың халқына қызмет көрсету үшін жұмыс істеп тұрған аудандық ауруханада құрылатын көп бейінді ауданаралық аурухана****;

      оңалту орталықтары, паллиативтік көмек, мейіргерлік күтім аудандық немесе ауданаралық аурухананың құрылымдық бөлімшесі (төсек) түрінде құрылады;

      3) патологиялық анатомия (цитопатология) саласында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар аудандарда орталықтандырылған патологиялық- анатомиялық бөлімше ретінде аудандық немесе ауданаралық ауруханада құрылады;

      4) жедел медициналық көмек облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшесі нысанында құрылады;

5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары:

аудандық деңгейде құрылатын ұлттық сараптама орталығының құрылымдық бөлімшелері;

      инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында құрылатын обаға қарсы мекемелердің станциялары.

  2. Қалалық деңгейде:

      1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

бекітілген халық саны 1500-ден (бір мың бес жүз) бастап 10000 (он мың) адамға дейін болатын аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда құрылатын дәрігерлік амбулатория;

        бекітілген халық саны 10000-нан (он мың) бастап 30000 (отыз мың) адамға дейін болатын аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда құрылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;

       бекітілген халық саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын аумақтық қызмет көрсету аймағының шегінде қалаларда құрылатын қалалық емхана (бұдан әрі – ҚЕ), бірақ кемінде бір ҚЕ;

       алғашқы психикалық денсаулық орталығы бекітілген халық саны 60 000 (алпыс мың) адам және одан жоғары ҚЕ-да орналасқан, оның ішінде бір немесе бірнеше жақын орналасқан амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін ұйымдардың халқына қызмет көрсету үшін психикалық денсаулық орталығының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

      республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын стоматологиялық емхана;

      республикалық маңызы бар қалаларда және астанада көп бейінді аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде консультациялық - диагностикалық орталық;

        жастар денсаулық орталығы;

      2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      халқының саны 100 000 (жүз мың) адамнан аспайтын қалаларда құрылатын қалалық аурухана;

      қызмет көрсетілетін халықтың саны 100 000 (жүз мың) адамнан асатын жақын орналасқан аудандардың халқына қызмет көрсету үшін республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және қалаларда құрылатын көп бейінді қалалық аурухана;

      халықтың саны 300 000 (үш жүз мың) мың адамнан асатын қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын көп бейінді қалалық балалар ауруханасы;

         республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын психикалық денсаулық орталығы;

республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын фтизиопульмонология орталығы;

         көп бейінді ауруханалардың құрылымдық бөлімшесі ретінде перинаталдық (босандыру бөлімшесі), инфекциялық*****, тері-венерологиялық, травматогиялық, инсульттік, ревматологиялық, офтальмалогиялық, кардиологиялық және кардиохирургиялық орталықтар құрылады;

        көп бейінді ауруханалар құрамындағы онкологиялық орталықтарды қоспағанда, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің басым жобаларын іске асыру шеңберінде құрылатын республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын онкологиялық орталық;

        қалаларда құрылатын инфекциялық аурухана;

            3) республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын жедел медициналық жәрдем станциясы.

      Республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан басқа қалаларда облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

       4) көп бейінді аурухана жанынан ұйымдастырылатын қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары - санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы немесе оңалту бөлімшесі (төсектері);

       5) денсаулық сақтау ұйымдарының жанынан ұйымдастырылатын паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар - хоспис, мейіргерлік күтім ауруханасы немесе бөлімшесі, төсектері;

      6) қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары қала халқының саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылады, оларда қан қызметі саласында қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары болмаған кезде;

      7) республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ халық саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда құрылатын патологиялық анатомия (цитопатология) саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары. Халық саны 300 000 (үш жүз мың) адамнан асатын қалаларда қалалық немесе ауданаралық ауруханалар құрылымында орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімше ретінде құрылады;

      8) республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

       9) республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын жетім балаларға, туылғаннан бастап үш жылға дейін ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жылға дейін психикалық және физикалық дамуында ауытқулары бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасылармен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдары;

      10) қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада құрылатын денсаулық сақтау саласындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

      11) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын республикалық денсаулық сақтау ұйымдары:

     қалаларда құрылымдық бөлімшелерімен астанада құрылатын Ұлттық сараптама орталығы;

         республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын ғылыми ұйымдар;

        инфекциялық аурулардың табиғи ошақтарында құрылатын обаға қарсы станциялар.

         3. Облыстық деңгейде:

      1) амбулаториялық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

        стоматологиялық емхана;

      көп бейінді облыстық аурухананың немесе қалалық емхананың (200 000 (екі жүз мың) халыққа біреу) құрылымдық бөлімшесі ретінде консультациялық - диагностикалық орталық;

        жастар денсаулық орталығы;

      2) стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері:

      облыс орталығында құрылатын көп бейінді облыстық аурухана;

      облыс орталығында құрылатын көп бейінді облыстық балалар ауруханасы;

      облыс орталығында құрылатын облыстық фтизиопульмонология орталығы;

      облыс орталығында құрылатын облыстық туберкулезге қарсы диспансер;

      перинаталдық (босандыру бөлімшесі), инфекциялық*****, тері-венерологиялық, травматогиялық, инсульттік, ревматологиялық, офтальмалогиялық, кардиологиялық және кардиохирургиялық орталықтар көп бейінді ауруханалардың құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылады;

         көп бейінді ауруханалар құрамында онкологиялық орталықтарды қоспағанда, облыс орталығында құрылатын, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің басым жобаларын іске асыру шеңберінде құрылатын онкологиялық орталық;

         облыс орталығында құрылатын инфекциялық аурухана;

      3) санитариялық авиация бөлімшесін қоса алғандағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы;

      4) көп бейінді аурухананың жанынан құрылатын қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдары-санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы немесе оңалту бөлімшесі (төсектері);

      5) көп бейінді аурухана, фтизиопульмонология орталығының жанынан ұйымдастырылатын паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдар - хоспис, мейіргерлік күтім ауруханасы немесе бөлімшесі, төсектері;

      6) қан қызметі саласында жұмысты жүзеге асыратын ұйымдар;

      7) патологиялық анатомия (цитопатология) қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

      8) АИТВ-инфекциясының профилактикасы саласында қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;

     9) жетім балаларға, туғаннан бастап үш жылға дейін ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жылға дейін психикалық және физикалық дамуында ауытқулары бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасылармен психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жүргізетін облыстық деңгейде құрылатын денсаулық сақтау ұйымдары;

      10) қалаларда, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылатын денсаулық сақтау саласындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары.

         Ұлттық сараптама орталығының облыстық деңгейде (облыс  орталықтарында)құрылатын құрылымдық бөлімшелері;

      Ескертпе:

       * медициналық пункт «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес халық саны 50 (елу) адамнан кем елді мекенде, 5 километрден астам радиуста медициналық ұйым болмаған кезде құрылады.

Халық саны 50 адамнан кем елді мекенде халыққа медициналық көмекті медицина қызметкері үйде көрсетеді.

Медициналық қызметкер болмаған кезде алғашқы көмекті медициналық білімі жоқ, оның ішінде тиісті даярлықтан өткен, медициналық білімі жоқ, оның ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-269/2020 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21814 болып тіркелген) тиісті даярлықтан өткен адамдардың алғашқы көмек көрсету қағидасының 3-тармағына сәйкес алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытылған адамдар көрсетеді.

         ** Фельдшерлік-акушерлік пункт Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша дәрігерлік амбулаториялардан, аудандық ауруханалардан және облыс орталықтарынан алыстаған кезде халық саны 500 адамнан кем ауылдық елді мекенде құрылады.

*** Дәрігерлік амбулатория Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша аудандық ауруханалар мен облыс орталықтарынан алыстаған кезде халық саны 1500 адамнан кем ауылдық елді мекенде құрылады.

*** Аудандық аурухананың немесе ауданаралық аурухананың бөлімшелері Кодекстің 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қызмет көрсетілетін халықтың саны кемінде 5 000 (бес мың) адам шалғайдағы ауылдық елді мекендерде (округтерде) құрылады.

***** Пандемия кезеңінде (жағдайында) инфекциялық орталық көп бейінді аурухананың құрылымдық бөлімшесі ретінде не республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ облыс орталығында кодекстің 12-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша дербес денсаулық сақтау ұйымы (инфекциялық аурухана) ретінде құрылады.

     Осы денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің нормативін белгілейді және «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес «Денсаулық сақтау қызметтерінің халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын қамтамасыз етеді.