Бірыңғай байланыс орталығы

1414

+7-7172-906-984

Категория

Іздеу шарты

Мемлекеттік орган *

Қоғамдық талқылаудың мерзімі

С По

Түрі

Статус

Құру күні

С По

 

                                                           Құрметті «Ашық НҚА» порталының пайдаланушылары!

«Архив» бөлімінде орналасқан, жария талқылаудағы немесе талқылаудан өткен нормативтік-құқықтық актілері (бұдан әрі – НҚА) жобаларын, қарау, жүктеп алу үшін Сізге порталда авторландыруды талап етілмейді.

НҚА жобаларына пікір қалдыру үшін авторландыруды талап етеді. Порталда авторландыру үшін, Сіз «цифрлық үкіметтің» веб-порталында» eGov.kz тіркелуіңіз тиіс. Сұрақтарыңыз немесе тіркелуде қателер болған жадайда, Сіз Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 немесе +7-7172-906-984 нөмірлері бойынша хабарласуыңызға болады. Қоңырау шалу тегін!

"Ашық НҚА" порталға кіру рұқсатын алу үшін "Цифрлық үкіметтің" порталында http://egov.kz/cms/ru жеке тұлға ретінде тіркелу және "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-на ақпаратты орналастыру бойынша жауапты тұлғалардың Т.А.Ә., ЖСН, мемлекеттік органның атауы, электрондық мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген ресми хат жіберу қажет. Сұрақтар туындаған жағдайда, 1414 телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ақпаратқа, білімге және басқа ресурстарға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін қазақ тіліндегі мәтінді дауыстауға арналған қосымша.

                                                                            НҚА жобаларын қарау және жүктеп алу

НҚА жобаларын табу үшін, «НҚА» бөлімін пайдалануға болады:

  1. Курсормен меңзегенде, НҚА жобаларын бейнелеудің нұсқалары шығады:

  • Категорялар бойынша;

  • ОМО бойынша;

  • Облыстар бойынша;

  • Барлық НҚА көрсету.

  1. Осы бөлімге курсормен басқан кезде НҚА жобаларының беті ашылады.

Осы бөлімдерде келесі түрлер бойынша НҚА жобаларын сұрыптау мүмкіндігі бар:

  • Заң;

  • Жарлық;

  • Үкім;

  • Тұжырымдама;

  • Қаулы;

  • Бұйрық;

  • Есеп;

  • Шешім;

  • Регламент;

  • Келісім;

  • Ереже;

  • Мемлекеттік қызмет стандарты.  

Бұдан басқа, іздеу жолағымен пайдалануға және беттің жоғарғы іздеу алаңында НҚА жобаларының атауларын енгізуге болады. Порталдың барлық бөлімдерде іздеу жолағымен пайдалана аласыз.

Қажетті НҚА жобасын таңдағаннан кейін (Мысалға, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына толықтырулар енгізу туралы), Сізге НҚА жобасының атауын басу қажет, содан кейін НҚА жобасының өзін көрсететін терезе ашылады. Бұл жерде НҚА жобасының мазмұнын (мәтінін), оның мәртебесін, НҚА жобасының түрін, жария талқылау күнін, НҚА жобасына файлдарды қарауға болады, сондай-ақ НҚА жобасына және осы НҚА жобасына келіп түскен пікірлерге дауыс беруге болады.

 

Бұдан әрі, НҚА жобасын жүктеп алу үшін «Жүктеу» батырмасына басу қажет, НҚА жобасы –docx форматында жүктеледі.

НҚА жобалары онлайн талқылауда болғанда, сондай-ақ жоба архивте болғанда есептің алғашқы және соңғы нұсқасын – excel форматында жүктеуге мүмкіндік бар.

                                                                                            Пікір қалдыру

НҚА жобасына пікір қалдыру үшін тіркелу қажет.

НҚА жобасының әр тармағының астында осы НҚА жобасына пікір қалдыру үшін «Пікір қалдыру» сілтемесі бар.

Пікір қалдыру үшін сізге НҚА жобасының мазмұны (мәтіні) орналасқан бетке өту қажет. Кейін, қажетті тармақтың «Пікір қалдыру» сілтемесіне басып және пайда болған терезеге өзіңіздің ұсныстарыңыз бен ескертулеріңізді енгізесіз және «Пікір қалдыру» батырмасын басасыз.

Сіздің қалдырған пікіріңіз модерациядан өтеді және модератормен мақұлданған жағдайда жарияланатынын ескертеміз.