Единый контакт-центр

1414

+7-7172-906-984

Категория

Условие поиска

Государственный орган *

Публичное обсуждение до

С По

Тип

Статус

Дата создания

С По

 


О подписании Соглашения о сотрудничестве в области образования между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики

Краткое содержание:
Статус: Архив
Версия проекта:   Версия 1   
Тип НПА: Постановление
Дата создания: 11/03/2022
Публичное обсуждение до: 30/03/2022
Дата запуска онлайн-обсуждения: 30/03/2022 16:15:00
Дата окончания онлайн-обсуждения: 30/03/2022 17:15:00
Приложенные документы:

О подписании Соглашения о сотрудничестве

в области образования между

Правительством Республики Казахстан

и Правительством Турецкой Республики

     

 

Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

1. Одобрить прилагаемый проект Соглашения о сотрудничестве в области образования между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики.

2. Министру образования и науки Республики Казахстан Аймагамбетову Асхату Канатовичу подписать от имени Правительства Республики Казахстан Соглашение о сотрудничестве в области образования между Правительством Республики Казахстан и Правительством Турецкой Республики, разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.

3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

 

 

      Премьер-Министр
Республики Казахстан

 

                          А. Смаилов

Комментарий

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ... посмотреть текст 29/03 - 22:19

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою мәселесі қазіргі әлемде болып жатқан халықаралық жағдайлар тұрғысынан қарағанда, өте өзекті және аса маңызды болып отыр. Бұған дейін туысқан Түркия елінің білім саласындағы Қазақстанға көмегі негізінен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне бағытталып келген еді. Енді Қазақстан мен Түркияның білім беру саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағытын Петропавл қаласындағы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетіне қарай бұру керек. Солтүстік Қазақстанның еліміз үшін аса үлкен стратегиялық маңызы бар екенін ескере отырып, Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің үлгісінде Петропавл қаласында Халықаралық қазақ-түрік университетін құру қажет. Оған қазіргі кезде Қозыбаев университетінің мүмкіндігі бар, Петропавл қаласында құрылысы белсенді түрде жүріп жатқан 12 қабаттық жаңа оқу-зертханалық ғимаратта Халықаралық қазақ-түрік университетін ашу керек деп ойлаймыз. Сондай-ақ Түркия тарапының қаржылай көмегімен Қозыбаев университетінің профессор-оқытушылар құрамына арнап жаңа тұрғын үй құрылысы басталса, жақсы болар еді. Өйткені Қозыбаев университетінің қызметкерлеріне арналған қазіргі жатақхана профессор-оқытушылардың тұрмыстық жағдайларына өте қолайсыз. Қысқасы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ қол қойылғаны жөн. Қозыбаев университетін Түркияның көмегімен дамытуымыз керек!!!

30/03 - 15:33

Келісім шеңберінде Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоғары білім беруге байланысты барлық мәселелер бойынша жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды көтермелейді.

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Премьер-Министр Республики Казахстан ... посмотреть текст 11/03 - 22:11

Қазақстанның қиыр солтүстік нүктесі болып табылатын Петропавл қаласында Түркия мен Қазақстанның бірлескен ғылыми-білім беру және мәдени-рухани орталығын қалыптастырып, Солтүстік Қазақстан облысына еліміздің және түркі тілдес елдердің талантты жастарын шақыруымыз керек.

30/03 - 15:32

Тараптар өзара негізде қазақ және түрік тілдерін оқыту орталықтарын ашу мүмкіндігін қарастырады. Келісімге қол қойылған жағдайда екі ел арасында ынытмақтастық нығайады

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Премьер-Министр Республики Казахстан ... посмотреть текст 11/03 - 22:11

Осы аталған мәселелер бойынша ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ еліміздің Сыртқы істер министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, Қозыбаев университетінің басшылығы және өкілдері арнайы іссапарға барып, Түркия Республикасының Білім және ғылым министрлігінің, Түркия Республикасының Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің, Түркия Республикасының жоғары оқу орындарының басшыларымен және өкілдерімен, басқа да мүдделі ұйымдарымен келіссөздер жүргізуі қажет деп есептейміз.

30/03 - 15:31

Қолдауыңызға алғысымызды бідіреміз. Келісімге қол қойылған жағдайда екі ел арасында ынытмақтастық нығайады.

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Премьер-Министр Республики Казахстан ... посмотреть текст 11/03 - 22:11

Тұтас алғанда, тек қана техникалық және жаратылыстану салаларымен шектеліп қалмай, Түркияның жоғары оқу орындарының Петропавл қаласындағы филиалдарын әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар бойынша да ашқанымыз дұрыс.

30/03 - 15:31

Келісім шеңберінде Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоғары білім беруге байланысты барлық мәселелер бойынша жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды көтермелейді.

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Премьер-Министр Республики Казахстан ... посмотреть текст 11/03 - 22:10

2022 жылдың 01 қыркүйегінен бастап: - Қозыбаев университетінің негізінде Түркияның жоғары оқу орындарымен бірлескен бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша «Журналистика», «Қоғаммен байланыс және жарнама», «Радио, теледидар және кино» салалары бойынша қос дипломды білім беру бағдарламаларын ашу; - Академиялық оралымдылық шеңберінде Қозыбаев университеті мен Түркия Республикасы жоғары оқу орындарының «Коммуникация» факультеттері арасында бір-бірімізге өзара профессор-оқытушылар құрамын жіберу; - Қозыбаев университеті мен Түркия Республикасының жоғары оқу орындары арасында профессор-оқытушылардың бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және ғылыми нәтижелерді халықаралық беделді ғылыми журналдарда бірлесе отырып, жариялау; - Академиялық оралымдылық шеңберінде Қозыбаев университеті мен Түркия Республикасы жоғары оқу орындарының «Коммуникация» факультеттері арасында бір-бірімізге өзара студенттер мен магистранттарды оқуға жіберу; - Қозыбаев университетінің Креативті индустрия орталығы («Журналистика» кафедрасы) мен Түркия Республикасы жоғары оқу орындарының «Коммуникация» факультеттерінің негізінде Петропавл қаласында Халықаралық Қазақ-Түрік Коммуникация Жоғары мектебін ашу қажет деп ойлаймыз.

30/03 - 15:27

Келісім шеңберінде Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоғары білім беруге байланысты барлық мәселелер бойынша жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды көтермелейді.

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Премьер-Министр Республики Казахстан ... посмотреть текст 11/03 - 22:10

Түркияның жоғары оқу орындарын Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавл қаласында өздерінің филиалдарын ашуға шақырамыз!

30/03 - 15:11

Келісім шеңберінде Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоғары білім беруге байланысты барлық мәселелер бойынша жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды көтермелейді.

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Премьер-Министр Республики Казахстан ... посмотреть текст 11/03 - 22:08

Елбасымыз өзінің Жарлығымен 1991 жылы Түркістан қаласында ашқан мемлекеттік университетке 1992 жылы 1 мамырда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Түркия Республикасының сол кездегі Премьер-Министрі Сүлеймен Демирелдің келісімі нәтижесінде Халықаралық университет мәртебесі берілгені есімізде. Бүгінде алғашқы кірпішін Елбасымыз өз қолымен қалап, тұрғызып берген Түркістандағы жоғары оқу орны бүгінде түркі тілдес мемлекеттер арасында халықаралық мәртебеге ие болып, түркі әлемі жастарының басын біріктірген тұңғыш білім және ғылым ордасы ретінде ерекше қарқынмен дамып отыр. Ендеше, біз түркі əлемінің мəдени-рухани орталығы Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің үлгісін Қызылжар өңірінде басшылыққа алуымызға болады. Нақты айтсақ, Қазақстан Үкіметі және Түрік Республикасының Үкіметімен арнайы келісім жасай отырып, таяу уақытта Петропавл қаласында Халықаралық Қазақ-Түрік университетін құру ісін жедел түрде қолға алғанымыз жөн.

30/03 - 15:10

Келісім шеңберінде Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоғары білім беруге байланысты барлық мәселелер бойынша жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды көтермелейді

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Премьер-Министр Республики Казахстан ... посмотреть текст 11/03 - 22:05

Петропавл қаласын заманауи ғылыми-білім беру орталығына айналдыруымыз қажет. Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қатардағы өңірлік университеттердің бірі болмауы керек. Осы жоғары оқу орнымыздың негізінде Петропавл қаласында халықаралық мәртебедегі жаңа Қазақ-Түрік университет ашуды ұсынамын.

30/03 - 14:53

Келісім шеңберінде Тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жоғары білім беруге байланысты барлық мәселелер бойынша жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты және ақпарат алмасуды көтермелейді.

ЖАҚЫП МЫРЗАНТАЙ

Премьер-Министр Республики Казахстан ... посмотреть текст 11/03 - 15:16

Өте дұрыс шешім! Қолдаймыз!

30/03 - 14:52

Қолдауыңызға алғысымызды бідіреміз.