Бірыңғай байланыс орталығы

1414

8-800-080-7777

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалар

Статус: Архив
НҚА түрі: Бұйрық
Құру күні: 14/03/2018
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 02/04/2018
Қосымша құжаттар:

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

 

 

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және  ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі  қағидалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот органдарының әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдердің тиімділігі мен сапасын арттыру және олардың тиісінше күзетілуін қамтамасыз ету  мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

         1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумақтары мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі  қағидалар бекітілсін.

         2. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2016 жылғы 3 мамырдағы № 6001-16-7-6/183 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 489 бірлескен бұйрығының (Нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13762 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 2 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

         3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу бөлімі (А.Ж.Боданов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4.     Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Департамент басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа және Соттардың әкімшілеріне жүктелсін.

5.     Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы _______________ Н. Шәріпов

 

 

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

 

 

 

 

______________Қ. Қасымов

 

 

 

 

 

 

 

Жоба

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының

2018 жылғы «__» _____________

№ ______

және Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрінің

2018 жылғы «___» _________№ ___

бірлескен бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі

қағидалар

 

 

1. Жалпы ережелер        

 

1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі - Департамент)және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимараттарына келушілер, процеске қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегіаталған қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) (бұдан әрі - Департамент) және оның аумақтық органдарының аумағында және ғимараттарында көрсетілген тұлғалар үшінөткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

   

2. Соттардың, сондай-ақ Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды  Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің «Қалалар мен облыстардың мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» (МКҚБ) Мемлекеттік мекемесі сот приставтарымен өзара іс-қимыл жасай отырып қамтамасыз етеді.      

3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) соттар – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, жергілікті және басқа да соттар;

2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелері бар (соттар әкімшілері) жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

3) келуші – соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарына келген, осы Қағидалардың 3-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатына жатпайтын, кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

4) сот процесінің қатысушылары – процестік заңдарға сәйкес сот процесіне қатысатын адамдар;

5) сот процесіне қатысатын өзге де адамдар – сот процесіне қатыспайтын, процестік заңдарда көзделген тәртіппен және жағдайларда қатысу үшін шақыртылған адамдар.

6) ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар – сот процесіне қатысушы не оған қатысатын өзге де адамдар болып табылмайтын ашық сот отырысына келген, кәмелет жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

7) сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі – күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, фронт-офистер;

8) қызметтік үй-жайлар – судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қызметтік кабинеттері, режимдік үй-жайлар және сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігіне қатысты емес басқа да үй-жайлар;

9) МКҚБ қызметкері – соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарында өткізу режимін қамтамасыз ететін қызметкер немесе БӨП бойынша кезекші;

10) полиция бекеті – соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимаратына кіретін орын немесе МКҚБ қызметкерлері өздеріне жүктелген қызметтік міндеттерін орындайтын күзетілетін аумақ учаскесі;

11) өткізу және объектішілік режимдер –соттардың,  Департаменттің, оның аумақтық органдарының ғимараттары және оларға іргелес жатқан аумақтар шегінде белгіленген тәртіп, ол ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар жиынтығымен қамтамасыз етіледі;

12) техникалық бақылау – тыйым салынған заттарды санкциясыз кіргізуді (алып кіруді), шығаруды (алып шығаруды), өткізуді (алып өткізуді)  анықтауға арналған арнайы техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін іс-шаралар жиынтығы;

  13) кіруді бақылау және басқару жүйесі (бұдан әрі – КББЖ) –соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарына келетін адамдарға, сондай-ақ іргелес аумақтағы көлікке берілген рұқсатты бақылау мен басқаруды жүзеге асыратын, техникалық, ақпараттық, бағдарламалық үйлесімділікпен бірлесе жұмыс істейтін техникалық бақылау және басқару құралдарының (механикалық, электрмеханикалық, электрлік, электрондық құрылғылар, конструкциялар және бағдарламалық құралдар) жиынтығы;

14) пайдаланушының уақытша карточкасы – Жоғарғы Сотқа және Департаментке келушілерге берілетін электрондық коды бар пластикалық карта. Ол келушінің жеке басын куәландыратын құжат бойынша беріледі;

15) біржолғы рұқсаттама – жергілікті соттарға және  Департаменттің аумақтық органдарына келуші бір адамға, бір рет келуіне беріледі.

  16) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі – БӨП) – келушілер мен көлік құралдарын өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;

  4. Жоғарғы Сотқа және Департаменттің аумағы мен ғимаратында өткізу режимінің ұйымдастырылуын бақылау Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (бұдан әрі - ӘПК), жергілікті соттар мен Департаменттің аумақтық органдарының ғимараттарында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың және Астана, Алматы қалаларының мамандандырылған күзет қызметі басқармаларына жүктеледі. 

             5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасының жергілікті соттарының, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағына және  ғимараттарына келушілер осы Қағидаларда белгіленген өткізу және объектішілік режимдер талаптарын сақтауы, сот қызметінің белгіленген тәртібін және жалпы қабылданған мінез-құлық  нормаларын сақтауы тиіс. 

 

 

2-тарау. Өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз етудің жалпы тәртібі

 

6. Өткізу және объектішілік режимдер мынадай мақсатта белгіленеді:

1) соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағы мен әкімшілік ғимараттарына бөтен адамдардың өтуін болдырмау; 

2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағына, әкімшілік ғимараттарына өткізуге тыйым салынған  нәрселер мен заттарды кіргізуге (алып кіруге), шығаруға (алып шығаруға), өткізуге (алып өткізуге) жол бермеу (бұдан әрі – тізбе);

3) шақырылған адамдарды қоспағанда, өзге де үй-жайларға келушілердің санкцияланбаған кіруін болдырмау;

4) соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарын терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру; 

5) ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету; 

6) «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қоғамдық тәртіпті сақтау, судьялардың, қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

        7. Соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарына кірген кезде барлық келушілерге, сот процесіне қатысушыларға, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдарға қатысты арнайы бақылау жабдығы мен техникалық құралдарды пайдалану арқылы техникалық бақылау жүзеге асырылады. 

Жоғарыда аталған жабдық пен техникалық құралдар қол жүгі мен жеке заттарды қарап-тексеру кезінде де пайдаланылады.

Арнайы бақылау техникалық құралдары іске қосылған жағдайда МКҚБ қызметкері көзбен қарап-тексеру үшін адамнан заттарын көрсетуін сұрайды.

Арнайы құралдардың  істен шығуы (не олардың болмауы) себебінен оларды пайдаланып техникалық бақылау мүмкін болмаған жағдайларда,  келуші адам  МКҚБ қызметкеріне көзбен шолып қарап-тексеру үшін қол жүгін (сөмкелер, портфельдер, пакеттер, барсеткалар және т.б.) өзі ашып  көрсетеді.

        8. Келушінің заттарында өткізуге тыйым салынған нәрселердің бар екеніне жеткілікті негіздер болған кезде, оның келісімімен сыртқы тексеріп-қарау жүргізіледі. Сыртқы тексеріп-қарауды тексерілетін адаммен бір жыныстағы МКҚБ қызметкерлері жеке үй-жайда және сол жыныстағы екі куәгердің қатысуымен жүргізеді. Бұл ретте МКҚБ қызметкері тексеріп-қарауды жүргізген кезде тексерілетін адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуге тиіс.

9. Адамның техникалық бақылаудан немесе тексеріп-қараудан өтпеуі оның ғимаратқа өтуінен бас тартуға негіз болып табылады.

10. Соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарына кіру мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1) пайдаланушының уақытша карточкасы;

2) біржолғы рұқсаттама;

3) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, Соттар әкімшілері мен соттар кеңселері полиция бекетіне ұсынған келушілердің, сот процестеріне қатысушылардың, сот процесіне қатысатын өзге де адамдардың тізімдері;

4) қызметтік куәлік бойынша – осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда адвокаттар, прокурорлар;

5) жеке басты куәландыратын құжат бойынша – ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар.

11. Адамдардың алкогольдік, есірткілік немесе уыттық масаң күйінде соттың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимаратына кіруіне рұқсат берілмейді.

12. МКҚБ қызметкері адамда атыс қаруын, суық қару, арнайы құралдар, оқ-дәрілер (рұқсат ету құжаттарынсыз), есірткі заттары, жарылғыш, жанғыш, тез тұтанатын, уытты, улы, радиоактивті заттарды тапқан кезде лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес әрекет етеді.

        13. МКҚБ қызметкерлерінің мен сот приставтарының «Құқық қорғау қызметі туралы» және «Сот приставтары туралы»  Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды, атыс қаруын, сонымен қатар басқа да қаруды қолдануға, дене күшін, оның ішінде күрестің жауынгерлік тәсілдерін қолдануға құқықтары бар.

14. Сот ғимаратына қарумен немесе арнайы құралдармен келген және оларға рұқсаты бар адамдар оларды МКҚБ полициясы нарядының арнайы сейфінде қалдырады, бұл туралы тиісті журналда жазба жасалады.

15. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағы мен  ғимараттарына «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өздерінің кәсіби қызметіне байланысты бейне, кино және фотоаппаратураларымен кіруге рұқсат етіледі.  

        БАҚ өкілдерінің сот отырыстарында бейне, кино және фотоаппаратурасын пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья ҚР ҚПК 345-бабына, ҚР АПК 19-бабына және ӘҚтК 21-бабына сәйкес шешуі тиіс.

 

 

 

3-тарау. Келушілерге қатысты өткізу режимін ұйымдастыру

 

16. Келушілердің ғимаратқа кіруі пайдаланушыға берілген уақытша карточка және біржолғы рұқсаттамалар мен тізімдер бойынша ішкі тәртіпке сәйкес жұмыс уақытында ғана жүзеге асыралады.

17. Пайдаланушының уақытша карточкасын, біржолғы рұқсаттаманы, келушілердің тізімін ресімдеуге және беруге өтінімдерді Департаменттің, сот кеңсесінің не Соттар әкімшісінің қызметкерлері қабылдайды.

        18. Пайдаланушының уақытша карточкасына не біржолғы рұқсаттамаға тапсырыс беруге:

1)  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;

2)  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот алқаларының төрағалары;

3) облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары;

4) облыстық және оларға теңестірілген соттар алқаларының төрағалары;

5) судьялар;

6) Департамент басшысы және оның орынбасарлары;

7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары;

8) Соттар әкімшілерінің басшылары және олардың орынбасарлары;

9) Соттар әкімшілерінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;

10) жергілікті соттар кеңселерінің меңгерушілері;

11) осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда, сот отырысының хатшылары құқылы.

Өзге қызметкерлердің өкімімен соттың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының ғимараттарына келушілердің кіруіне жол берілмейді.

19. Келушінің біржолғы рұқсаттамасына тапсырыс берілген кезде рұқсаттамаға тапсырыс берген адамның лауазымы, келушінің тегі, аты мен әкесінің аты (ол болған кезде), кабинет нөмірі, сондай-ақ келушімен бірге жүретін жауапты қызметкердің тегі мен аты-жөні хабарланады.

Бірге жүретін  қызметкер болмаса келушілер ғимаратқа кірмейді.

20. Келуші ғимаратқа кірген кезде МКҚБ қызметкеріне біржолғы рұқсаттаманы және жеке басын куәландыратын құжатты көрсетеді, оның деректері тиісті журналда тіркеледі.

21. Кіруге құқық беретін құжаттарда бұзушылықтар, олардың жалғандығы, құжат деректерінің сәйкессіздіктері, фотобейненің кіруші келбетімен сәйкессіздігі және өзге де бұзушылықтар анықталған жағдайда МКҚБ қызметкері осы адамды ұстауға шаралар қолданып, МКҚБ және ІҚБ басшылығына бұл туралы хабарлайды.

22. Пайдаланушының уақытша карточкасы, біржолғы рұқсаттама жазылып берген адамдар үшін ғана жарамды болады. Оларды басқа адамдарға беруге рұқсат етілмейді.

23. Келушілер ғимараттарда сот, Департамент және оның аумақтық органдары қызметкерлерімен ғана болады, олармен бірге жүру үшін жауаптылық рұқсаттамаға тапсырыс берген адамға жүктеледі.

 24. Сот не Соттар әкімшісінің қызметкері біржолғы рұқсаттамаға белгі қоймаса, келушінің шығуына рұқсат берілмейді.

  25. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, мереке және демалыс күндері, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде келушілерді ғимаратқа өткізу тоқтатылады.

26. Соттың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағына және  ғимараттарына тізбеде көрсетілген,  тыйым салынған нәрселер мен заттарды кіргізуге (алып кіруге) рұқсат берілмейді. Тізбенің 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттар  ғимаратқа кірер кезде полиция бекетіндегі  арнайы жеке ұяшықтарда қалдырылады.

 

 

 

4-тарау. Процеске қатысушыларға, сот процесіне қатысатын

өзге де адамдарға, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдарға қатысты өткізу режимін ұйымдастыру

 

 

27.  Сот процесіне қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар соттарға қаралатын істердің кестесі бойынша, сондай-ақ полиция бекетіне сотқа шақыру қағазын немесе сотқа шақыру туралы хабарламаны ұсынған кезде, адвокаттар мен прокурорлар  қызметтік куәліктерін көрсетіп өтеді.  

 Ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар соттарға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткеннен кейін кіреді.

Бұл ретте сот процесіне қатысушылар, оның ішінде адвокаттар, прокурорлар, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігіне өтеді. Аталған адамдардың қызметтік және режимдік үй-жайларға кіруіне жол берілмейді.

Сот ғимаратына іс материалдарымен танысу үшін келген сот процестеріне қатысушылар сот отырыстарының хатшылары тапсырыс беретін  рұқсаттамалар бойынша кіреді. 

28. Жабық сот отырыстарына кіруге рұқсат процестік заңнамаларға сәйкес жүзеге асырылады.

29. Сот процесіне қатысушыларды, сот процесіне қатысатын өзге де адамдарды Департаменттің құрылымдық бөлімшесінің, сот кеңсесінің қызметкері тіркейді. Тіркеу соттың ғимаратына кірер кезде жеке басын куәландыратын құжат көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.

30. Сот ғимаратына сот отырысына қатысу үшін келген қатысушыларға Тізбенің 9), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттарды кіргізуге (алып кіруге) рұқсат беріледі.

Тізбенің 8), 10) тармақшаларында көрсетілген заттар ғимаратқа кіру кезінде полиция бекетіндегі арнайы жеке жәшіктерде қалдырылады.

Сот процесіне қатысушы сот отырысының залында фото- және бейнеге түсіру функциясы бар техникалық құралдарын пайдаланудан бұрын төрағалық етушіге ҚР ҚПК-нің 345-бабына, АПК-нің 19-бабына және ӘҚтК-нің 21-бабына  сәйкес оларды пайдалануға рұқсат беру жөнінде сұрақ  қоюға тиіс. Іс бойынша төрағалық етуші іске қатысатын адамдардың пікірлерін ескере отырып, осы мәселе бойынша шешім қабылдайды.

        31. Сот процесіне қатысатын өзге де адамдардың, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдардың соттың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағына және ғимаратына алып өтуге тыйым салынған  тізбеде көрсетілген заттар мен құралдарды кіргізуіне (алып кіруіне) жол берілмейді. Тізбенің 8), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген заттар  ғимаратқа кіру кезінде полиция бекетіндегі арнайы жеке жәшіктерде қалдырылады.

         

 

                            Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының,

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету

департаментінің  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Соты аппаратының) және оның аумақтық

органдарының аумағында  және ғимараттарында

 өткізу және объектішілік

режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі

қағидаларға 1-қосымша

                                     

 

Соттардың, Департаменттің және оның аумақтық органдарының аумағына және  ғимараттарына алып өтуге (алып жүруге) тыйым салынған заттардың тізбесі

 

 

  1. Атыс және суық қару;
  2. Жарылғыш заттар, жарылатын құрылғылар және тез тұтанатын сұйықтықтар;
  3. Уландырғыш заттар;
  4. Қатты әсер ететін улы заттар;
  5. Бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттар;
  6. Радиоактивті заттар;
  7. Есірткі, психотроптық заттар;
  8.  Бейне-, кино- және фотоаппаратура;
  9. Жазатын құрылғылар және  есептегіш техника;
  10. Радиотехникалық және басқа да аппаратура (адамның ағзасына емдеу не профилактикалық  әсерді  қолдауға не ағзалар және ағза жүйелерінің функциясын ауыстыруға немесе түзетуге арналған медициналық аппараттар мен жабдықтарды қоспағанда);
  11. Қоңырау/хабарлама/жауап функциялары бар телефондарды қоспағанда, мобильдік құрылғылар (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер және т.б.); 
  12. Машиналық ақпарат жеткізгіштер (флеш-карталар, USB-дискілер т.б.);
  13. Техникалық құрылғылар, оның ішінде деректер беруге, сондай-ақ халықаралық жаһандық желілерге және Интернет  желісіне шығуға мүмкіндігі бар сымсыз құрылғылар (Wi-Fi, Bluetooth, 3G, 4G  және т.б.)

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы

Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының,

 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық

органдарының аумағында және  ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі                                                              қағидаларға 2-қосымша 

 

Нысан

 

Біржолғы рұқсаттама

 

 

Біржолғы рұқсаттама түбіртек  № ___________

Азамат (ша) _______________________________

Құжат№  _____________________________________

Қайдан келді ________________________________

Кімге келді __________________________________

Ғимарат № ___________________ каб. № ___________

Бірге жүретін ____________________________

Берілген уақыты ________________________________

Берілген күні _______________________20_____ж.

Рұқсаттама бюросының қолы  _____________________

 

 

Біржолғы рұқсаттама № ___________

Азамат (ша) ______________________________________берілді

Құжат№ ____________________________________

Қайдан келді _______________________________

Кімге келді _________________________________

Ғимарат № ___________________ каб. № ___________

Бірге жүретін ____________________________

Берілген уақыты ________________________________

Берілген күні _______________________20_____ж.

Рұқсаттама бюросының қолы  ______________________

 

 

 

 

 

 

Рұқсаттама Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды

 

Келушінің шыққан уақыты ___________________

 

Шақырған адамның қолы _________________