Бірыңғай байланыс орталығы

1414

8-800-080-7777

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы

Статус: Архив
НҚА түрі: Бұйрық
Құру күні: 10/10/2018
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 24/10/2018
Қосымша құжаттар:

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын

автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы

 

«Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты Алматы – Өскемен (Сарқандтың, Аягөздің айналма жолдарымен және Мұқры шатқалының кiреберiсімен) автомобиль жолының Алматы – Қапшағай 25 + 045 километр (бұдан әрі – км) – 67 + 000 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады;

2) баламалы жол: Ресей Федерациясы шекарасы (Екатеринбургқа) – Алматы, Қостанай, Астана, Қарағанды арқылы республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолының Алматы – Құрты учаскесі, Қапшағай – Құрты республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуда;

3) ақылы жолдың (участкесінің) бастапқы пункті – 25 +0 45 км, ақылы жолдың (участкесінің) соңғы пункті – 67 + 000 км;

4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрыққа 1 – қосымшаға сәйкес;

5) ақылы жолдың (учаскесінің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскесінің) негізгі параметрлері:

автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,75 метр;

ақы алу пункттері орындарында автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені – кемінде 3,00 метр;

ақы алу пункттері орындарында жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені – кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған;

автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны – екі бағытта 6 белдеу;

6) ақылы жолдың (учаскесінің) ұзақтығы – 41 км 955 метр;

7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем мөлшерлемелері осы бұйрыққа 2 – қосымшаға сәйкес айқындалады;

8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрыққа 3 – қосымшаға сәйкес;

9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

   Инвестициялар және даму

                  министрі                                                         Ж. Қасымбек

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

 

_____________ Ә. Смайылов

2018 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ішкі істер министрі

 

______________ Қ. Қасымов

2018 жылғы «___» _________