Бірыңғай байланыс орталығы

1414

8-800-080-7777

Жүктеу (docx)

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы

Статус: МО қарастыруда
НҚА түрі: Заң
Құру күні: 11/10/2018
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 25/10/2018
Қосымша құжаттар:
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу

2. Заң жобасының атауы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңы (бұдан әрі – заң жобасы).


 

3. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заңының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын цифрлық технологияларды құқықтық реттеу және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысында  орындау мақсатында дайындалды.


 

4. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты цифрлық технологияларды қолдану мен енгізуге байланысты қолданыстағы регламенттелген нормаларды нақтылауды және қоғамдық қатынастарды реттеуді қарастыратын Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің нормаларын   сәйкестендіру (блокчейн технологиясы, ашық деректер, «Yellow Pages Rules», роботтандыру және жүргізушісіз көліктер, биометриялық аутентификация, краудфандинг, үлкен деректер, реттеуші құм салғыштар, бірыңғай лицензиялау саясаты, интернет заттар, жасанды интеллект) болып табылады.


 

5. Заң жобасын реттеу нысанасы

Заң жобасының реттейтін тақырыбы төмендегі цифрлық технологияларды қолдану мен енгізуге байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады:

1. Блокчейн технологиясы

Таратылған цифрлық тізілім (блокчейн) және криптотехнологиялардың ашық технологиялары ақпараттық технологиялар саласындағы негізгі технологиялық серпіліс болып табылады. Осыған байланысты, блокчейн жүйесін жүйе құраушы, деректерді  бөліп  сақтаудың, есепке алудың және деректермен өзара әрекеттесудің жақын келешекте болжанатын компоненті болып табылатын технология ретінде қарастыру қажет. Бұл болжамды түсіндіретін басты үрдіс - деректер көлемінің ауқымды ұлғаюы және осыған сәйкес, оларды өңдеуге деген сұраныстың болуы. Деректерді өңдеу және талдау үшін дамыған технологиялық инфрақұрылымды, атап айтқанда блокчейн-технологиясының экожүйесін талап етеді.

Токен және блокчейн сияқты және олармен байланысты майнинг, заңдық аумақ сияқты жаңа технологияларды енгізу тек ақпараттандыру саласындағы заңнаманы уақтылы бейімдеуде ғана емес, сонымен қатар жаңа технологиямен өзара әрекеттесуде пайда болатын жаңа құқықтық қарым-қатынастардағы мүліктік құқықтарды қорғау, сондай-ақ мемлекеттің ынталандыру шараларын қабылдау және өзін жаңа технологияларға бейімделген прогрессивті құқықтық режім ретінде жалпы ілгерілету тұрғысындағы нақты ұстанымын айқындау үшін қажет.

2. Ашық деректер

Ашық деректер - бұл мемлекеттік органдардың жалпыға қол жетімді деректерін авторлық құқықты, патенттерді және басқа да бақылау тетіктерін шектемей машина оқитын түрде орналастыратын алаң. Мемлекеттік органдар көп мөлшерде ақпараттарды жасайды, өңдейді және сақтайды, кейінірек бұл ақпараттар сол мемлекеттік мекемелердің мұрағатында қалып қояды және екінші рет қолданылмайды. Бірақ бұл ақпаратты дұрыс пайдаланған жағдайда ол өте пайдалы болуы мүмкін. Ашық мәліметтердің мағынасы мынада: мемлекеттік органдардың ақпараты онда пайдасыз жүк болып сақталмай, бірыңғай ресурста жалпы қол жетімділікпен жариялануы керек.

Өз кезегінде Open API енгізу мыналарға мүмкіндік береді:

 тұтынушыларға  - анықтамаға өтініш беру сұраныстарына -  қызмет көрсетуді жеңілдетеді, өз кезегінде анықтама сұраныс орнына оны растау арқылы автоматты түрде ұсынылуы мүмкін;

Тізілімді жүргізу, Регламенттерге және стандарттарға өзгерістер енгізу бойынша бюрократиялық кедергілерді жоюға;

ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін, сондай-ақ ашық ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетеді.

3. «Yellow Pages Rules»

«Yellow Pages Rules» мәні - мемлекеттік компаниялардың еншілес компанияларын құруына шектеу қою және экономиканың бизнес қатысатын салаларына мемлекеттің араласуын болдырмау арқылы, салауатты бәсекелестік ортаны қолдау үшін жағдай жасауда.Yellow Pages Rules («сары беттер») қағидасы өз атауын сары түсті анықтамалықтан алды, ол арқылы мемлекеттік қызметтерге ұқсас қызметтер көрсететін компаниялар анықталды.

«Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ 20 орталық мемлекеттік органға және осы органдарға қарасты 250-ден астам кәсіпорындар мен ұйымдарға талдау жасады.

Талдау нәтижелері бойынша 33 кәсіпорын мен ұйым АТ функцияларын орындайтыны анықталды, оның ішінде:

- 10 ұйым нормативтік құқықтық актілер деңгейінде реттелетін АТ функцияларын орындайды;

- 23 ұйым жарғыларға сәйкес АТ функцияларын атқарады.

АТ нарығы ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларға әділ және ашық қатысуда қолайсыз болып отырған Қазақстандағы қазіргі қалыптасқан жағдайды бағалай отырып, квазимемлекеттік сектордың субъектілері жүргізетін АТ қызметті ақпараттандыру объектілерін құру немесе дамыту функцияларын алып тастау және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу жолымен шектеу қажеттігі туындады,

4. Роботтау және жүргізушісіз көлік

Роботтау – бұл өнеркәсіптік роботтар негізінде өндірісті автоматтандыруды дамыту. Робототехника ғылым, технологиялар және білім беру және басқа салалардағы ұлттық қауіпсіздік міндеттерін шешу үшін қажет келешегі бар жоғары технологияларға жатқызылған. Дегенмен, әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, робот техникасын реттейтін арнайы ережелері жоқ, сондықтан роботтың, Қазақстанда жалпы құқық принциптер мен нормалар қолданылады.

Робот техникасының дамуымен Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізу талап етіледі, бұл процес құқықтық реттеу объектісінің күрделілігі және жаңа болуымен айқындалады. Роботтарды кеңінен енгізу адам тіршілігінің барлық салаларына, демек көптеген заң салаларына әсер етеді.

5. Биометриялық аутентификация

Биометриялық аутентификация дегеніміз – бұл адамдардың жеке басын куәландыру үшін олардың биомериялық деректерін пайдаланатын аутентификация жүйесі.

Бұған қоса, ақпараттық технологиялардың дамуымен электронды құжаттар белсенді түрде қолданыла бастады. Электрондық құжаттарды пайдалану қоғамдық қатынастардың көпшілігін сапалы жаңа деңгейге, яғни ұтқырлық, уақытты үнемдеу эргономикасы тән ақпараттық қоғамның деңгейіне көшіруге жол ашады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасындағы электронды қолтаңбаға және  электрондық құжаттың түпнұсқалығын куәландыруға қойылатын талаптарды қалыптастыру әдісін қайта қарау, оның іщінде электронды құжаттағы аутентификацияның басқа әдістерін қолдану бойынша қолданыстағы шектеулерді жою қажет, себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, басқа да аутентификация әдістері, соның ішінде биометриялық аутентификация әртүрлі қызмет салаларында қолданылады.

.                                     

6. Краудфандинг

Краудфандинг қаржыландыруды тартуға мүмкіндік беретін интернет алаң болып табылады.

Осылайша, Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыру көздерін, оның ішінде жеке тұлғалардың инвестицияларын, инвесторлар   арқылы тарту мүмкіндігі арқылы дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне келесі ұғымдарды бекіту тұрғысында өзгертулер енгізу қажет деп пайымдалады:  бөлшек қаржыландыруды, олардың түрлерін бекіту арқылы ұйымдастыру бойынша инвестициялық платформа (краудфандинг), жеке венчурлық инвесторлар (бизнес-періштелер), Бөлшек қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша инвестициялық платформаның операторлары (краудфандинг). Сонымен қатар, ынталандыру мақсатында  Қазақстан Республикасының Салық кодексіне салықтық преференциялар беру бөлігінде өзгертулер енгізу ұсынылады.

7. Үлкен деректер

Үлкен деректер – құрылымдалмаған және ішінара құрылымдалған өте үлкен көлемдегі және алуан түрлі, көлденең масштабталатын бағдарламалық құралдармен тиімді өңделетін  деректерді сипаттау үшін пайдаланылатын белгі.

Үлкен деректермен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат – бұл олардың негізінде іс жүзінде қолдану үшін құнды аналитикалық тұжырымдар алу.

Қазақстандағы Big Data секторы бірлескен салааралық жобалар алаңына айналды.

Осыған байланысты, мемлекеттік органдардың барлық тарихи деректерін міндетті түрде сақтау арқылы бірыңғай анықтамалық жүйе құру, сонымен бірге мемлекеттік органдарға қарамайтын жүйелер мен сервистерде пайдалану үшін деректерді иесіздендіру қажет.

8. Реттеуші құм салғыштар

Реттеуші құм салғыштар – бұл инновациялық компанияларға өз өнімдері мен қызметтерін бақыланатын ортада, заңнаманы бұзу тәуекелісіз сынауға мүмкіндік беретін арнайы ережелер жиынтығы.

Реттеуші құм салғыштарды қазақстанда қолдану нарыққа жаңа баламасы жоқ, сәйкесінше бұрын заңдармен реттелмеген инновациялық технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. «Құм салғышты» құрудың мақсаты  қаржылық тұрақтылық сақтау арқылы инновацияны ілгерілету мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау арасында теңгерімді табу болып табылады.

Осыған байланысты инновациялық өнімді қолданған кезде тұтынушылардың құқықтарына жақсы қорғанысты қамтамасыз ете отырып, заң бұзушылық тәуекелісіз, тексерілген инновациялық өнімдерді нарыққа көбірек шығару, Қазақстандағы инновациялық компаниялардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында,  бұл жаңалықты  «Ақпараттандыру туралы» заңына енгізу қажет.

9. Бірыңғай  лицензиялау саясаты

Бүгінгі күні  жұмыс орындарын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін лицензиялауда күрделі мәселелер бар, мемлекеттік органдарда өнімдерді түгендеу процесі жоқ, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алудың орындылығы туралы мәселе (бұдан әрі - ЛБҚ), сондай-ақ баға мәселесі шешілмей отыр, өйткені барлық мемлекеттік органдар ЛБҚ бөлек  - бөлек сатып алады.

Осыған байланысты ЛБҚ сатып алуды орталықтандыру қажет. Осылайша, мемлекеттік органдардың Бірыңғай жеткізушісі туралы мәселені қарап шешу ұсынылады, оның негізгі миссиясы барлық мемлекеттік органдарды ең төменгі бағадағы ЛБҚ қамтамасыз ету болады. ЛБҚ құнының төмендетуге сатып алудың үлкен көлемі есебінен қол жетізілетін болады.

10. Заттар интернеті

Заттар интернеті – Бұл бір-бірімен немесе сыртқы ортамен өзара әрекеттесу үшін кіріктірілген технологиялармен жабдықталған физикалық заттардың ("заттардың") есептеу желісінің тұжырымдамасы. Заттардың интернеті қазіргі заманғы танымал технологиялық үрдістердің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта көптеген компаниялар осы технологияны анағұрлым тиімді пайдалану жағдайында қолдануда немесе жоспарлауда, бұған консалтингтік агенттіктердің бұрын баяндалған болжамдары дәлел болады. Технологияны табысты іске асыру және жұмыс істеуі үшін, операторлар іске қосылған құрылғылар мен адамдар арасында делдал болу арқылы маңызды рөл атқарады. «Қазақтелеком», «Кселл», «Билайн» және басқа операторлар  IoT технологиясын дамытуға ықпал ете отырып, өздерінің инфрақұрылымын және интернет өткізу қабілетін дамытуда.

Бейне бақылау жүйесін атмосфераға зиянды шығарындылар бергіштерімен бірге ба5даршам уақытын реттеу және көлік ағыны жоғары қалаларда қозғалыс деңгейі аса жоғары сағаттарда қозғалыс ағымын жақсарту үшін пайдалануға болады.

"Интернет заттар" құрылымын құрған кезде барлық қалалар мен «Индустриалдық заттар интернетін» бір бірегей желі - «Барлығын қамтитын интернет» желісіне біріктіруге болады. Бұл жалпы жағдай суреттемесін көруге және бүкіл республикалық деректерді нақты уақыт режимінде алып отыруға мүмкіндік береді. Яғни, жүйенің дамуы жергілікті деңгейде ғана емес, жергілікті нарықта орын алып жатқан процестерге мониторинг жүргізу арылы ғана емес, бүкіл ел бойынша талдау жасау үшін деректерді ұсынуға көмектеседі. Бұл, өз кезегінде, шешімдер қабылдауға және нақты уақытта болып жатқан фактілер негізінде оларға жауап беруге мүмкіндік береді.

11. Жасанды интеллект

Қазақстан Республикасында жасанды интеллект деректермен жұмыс істеуде «ойлау міндеттерін» шешу үшін пайдаланылатын болады. Мұндай инновациялар адамдарға маңызды деректерді дайындауға және бөліп алуға, сценарийлерді жоспарлауға және инновацияларды тестілеуге арналған күнделікті процестерден босатады.

Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалануда ең үлкен әлеуетке мына салалар ие:

● қаржы секторы,

● өндіріс саласы,

● кен өндіру саласы,

● денсаулық сақтау,

● мемлекеттік органдар.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасында денсаулық сақтау, құқық қорғау жүйесінде, мемлекеттік қызметтер және басқа да салаларда жасанды интеллекті қолдану бойынша жобалар ұсынылды.

Digital Capital Швед компаниясының талдаушыларының айтуынша, ойын-сауық индустриясына салынған инвестициялар, виртуалды және толықтырылған болмыстағы нарық көлемі контентті және құрылғылар сатудан келген түсімде бірнеше миллиард долларды құрайды, бірақ 2020 жылға қарай 150 миллиард доллардан асатын болады. Бұл стартаптар мен инвесторлар үшін үлкен мүмкіндік. Қазір негізгі табыты виртуалды болмыс дулығасы және олар үшін әзірленетін контент жасауда. Бірақ жағдай өзгереді - үлкен сенім толықтырылған болмысқа  жасалады.

Өз кезегінде бағдарламалық платформа толықтырылған және виртуалды болмыс технологияларын қолдана отырып әзірленеді, бұл өсіп келе жатқан сұранысты болжауға мүмкіндік береді.


 

5. Заң жобасының құрылымы

Заң жобасының құрылымы екі бапты қамтиды:

1-баппен Қазақстан Республикасының келесі заңнамалық актілеріне  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді: ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Бюджеттік кодексі, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, ҚР Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V «Ақпараттандыру туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370 «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы  "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" заңы  және т.б .;

2-бап Заңның күшіне ену мерзімдері мен тәртібін қарастырады.


 

6. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

Заң жобасын қабылдау цифрлық технологияларды қолдануды және енгізуді реттейтін Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілерінің нормаларын үйлестіруге бағытталған.

Заң жобасын қабылдау цифрлық технологиялар мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын біркелкі қолдануды қамтамасыз етеді.

Заң жобасын қабылдау ақпараттандыру саласындағы заңнамалық базаны қалыптастыруға және жетілдіруге мүмкіндік береді


 

7. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір уақытта (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

Талап етілмейді.


 

8. Заң жобасы нысанасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

Қазақстан Республикасы заңнамасында жоғарыда аталған цифрлық технологияларды пайдаланудан туындайтын құқықтық қатынастарды анықтау үшін қажетті жүйелік реттеу және бірқатар маңызды ережелер мен құқықтық анықтамалар жоқ.


 

9. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

1. Блокчейн технологиясы.

1990 жылы Эстония тәуелсіздікке қол жеткізді және жаңа мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымы мен сипатын анықтау қажеттілігіне тап болды. ХХІ ғасыр жаңа қиындықтарды тудырды: кибер алаяқтық және халық санының қысқаруы, оның қартаюы және эмиграция. Үкімет жаңа көзқарас қалыптастырды, атап айтқанда,  әкімшілік және қоғамдық қызметтерді көрсетудің барлық негізгі жүйесін салықтарды төлеу мен  дауыс беруден бастап рецепттер алуға және құжаттарға қол қоюға дейін цифрлық кеңістікке көшіру туралы шешім қабылданды. Қазір Эстонияда әлемдегі ең дамыған халықтардың бірі өмір сүреді. Азаматтар өздерінің жеке ақпараттарын сақтайтын, сондай-ақ мыңнан астам мемлекеттік қызметтерге қол жеткізетін интеллектуалды картаны алып жүреді. Эстонияның бірыңғай мемлекеттік электрондық жүйесінің жобасы әлемдегі ең табысты іске асырылғандардың бірі болып табылады. Бұл жоба ерекше инфрақұрылымның арқасында табысты болды: жалғыз орталық жүйенің орнына, түрлі сервистер мен дерекқорларды байланыстыратын орталықтандырылмаған ашық жүйе құрылды. Жүйе құрылымына жаңа сервистер мен қосымшаларды кіргізу өте қарапайым және оларды блокчейн негізіне көшіру мемлекеттің орталықтандырылған жұмысына қарағанда аз шығын және аз кедергілермен өтеді. Бүкіл жүйенің негізгі нәтижелері келесідей болды: 2016 жылы: азаматтардың 94% жүйені пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық куәлікке ие; елдің ЖІӨ-нің 2% мемлекеттің қағазсыз жұмысы арқасында үнемделді; 4000+ сервистер электронды түрде ұсынылады; Эстония - салықтың жиналуы және электрондық экономика индексі бойынша әлемдегі №1 ел.

Грузия.

2016 жылдың сәуірінде Грузия үкіметі мен BitFury компаниясы блокчейн технологиясының көмегімен жер теліміне құқықтарды тіркеу жобасын бастады. Грузияның Әділет министрлігінде Bitfury компаниясы және Грузияның Ұлттық тіркеу агенттігімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімінен кейін, белгілі Перу экономисі Хернандо де Сотмен бірлесіп, Грузияның жер меншіктері кадастрының блокчейн нұсқасын жасау және сынап көру ниеттерін ресми түрде жариялады. Ел соңғы жылдары жемқорлықпен белсенді және жемісті күресуде. 2003 жылы Грузия Халықаралық сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде 123-орынды иеленіп, 2016 жылғы көрсеткіш бойынша 48-ші орынға шықты. 2016 жылы Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша Грузия шағын және орта бизнес үшін жерге меншік құқығын тіркеуді жеңілдету критерийлері бойынша әлемде үшінші орынды иеленді.

 

2. Ашық деректер.

Үлкен деректер көптеген жағынан әлемді өзгертті, мысалы, медициналық сақтандыруда, қаржы саласында, қауіпсіздікте. Көптеген ұйымдар мен елдер үшін үлкен деректер бәсекелестік жағынан артықшылыққа айналды. АҚШ, Австралия сияқты көптеген елдерде үлкен деректер саласына ақша салу бойынша арнайы мемлекеттік бағдарламалар бар. 2012 жылғы 29 наурызда АҚШ Президентінің Әкімшілігі цифрлық деректердің көлеміне қол жеткізу және олармен жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті құралдар мен әдістерді жетілдіру мақсатында, ірі деректер саласына 200 млн. АҚШ долларын инвестициялады.

3. «Yellow Pages Rules»

«Сары беттер» ережесі АҚШ-та алғаш рет қолданылған. «Сары беттерді сынаудың» авторы  Дж. Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің профессоры Стефан Голдсмит болып табылады. Мэрдің қызметін атқарған С. Гольдсмит Индианаполис штатының мысалында «сары беттер сынағын» сынақтан өткізді, оның нәтижесінде 50-ден астам мемлекеттік қызмет бәсекеге қабілетті ортаға көшірілді, ал қызмет көрсету шығындары 400 млн. АҚШ долларынан азайды.

«Сары беттердің» қағидалары алдымен гольф-алаңдарды, демалыс және ойын-сауық саябақтарын, мұражайларды, хайуанаттар паркін жекешелендіру кезінде іске асырылып, бұл жақсы сападағы анағұрлым арзан бағадағы қызметтің көрсетілуіне әкелді.

Сары беттерді тесті заң жүзінде бекітілген. «Федералдық түгендеу туралы» заң барлық федералдық агенттіктер жыл сайын функционалдық талдау жүргізеді және Министрлікке / Бюджет және менеджмент департаментіне дәстүрлі және коммерциялыққа бөле отырып, функциялар тізімін ұсынады. Барлық коммерциялық функциялар/ қызметтер одан әрі жекешелендіруге жатады, оның ішінде: сары беттерді сынау арқылы.

4. Роботтау және  жүргізушісіз көлік.

Бүгінгі күні өндірістің және роботтарды енгізу деңгейі  ең жоғары (ЕО, Жапония, АҚШ, Қытай және Оңтүстік Корея) бірқатар елдерде реттеуші жүйені ұйымдастыру мемлекет тарапынан таңдап алынған стратегияны дәйекті жүзеге асыруды және тақырыптық құқықтық актілер мен нормаларды ұйымдастыру бойынша жұмысты білдіреді.

Атап айтсақ. Еуропалық Одақ шеңберінде ЕО деңгейіндегі негізгі құжат - Еуропадағы робот техникасын даму жөніндегі «Robotics 2020» жол картасы болып табылады, мұның өзінде 2017 жылы ЕО Парламенті робот техникасының жалпы принциптер мен  Робот техникасы жөніндегі Еуропа агенттігін  құру туралы және басқа да ұсыныстарды қамтитын 2015/2103 (INL) «Робот техникасы туралы заматтық құқық нормалары» қарарын қабылдады.

5. Биометриялық аутентификация

Жалпыға бірдей қабылданған тәжірибеге сәйкес, электрондық қолтаңбаға қойылатын талаптарға қатысты көзқарасты егжей-тегжейлі қарау дәрежесі бойынша үш түрлі көзқарас қалыптасты.

Бірінші, ең жалпысы, электрондық қолтаңбаға бірегейлікпен, верификация және  оны пайдаланатын адамның «бақылауында» болу мүмкіндігімен бірге әдеттегі қолтаңбаға қатысты қойылатын талаптарды қояды.

Екіншісі, қолтаңба, сонымен қатар, егер олар өзгертілсе, берілетін деректермен қолтаңбалар жарамсыз болатындай байланыста болуы керек деп есептейді. Үшінші тәсіл электрондық қолтаңбаларға анағұрлым егжей-тегжейлі талаптарын белгілейді, атап айтқанда, ашық кілттің криптографиялық технологиясын пайдалануды көздейді.

 

6. Краудфандинг

Ресей Федерациясының енгізу және заңнамалық реттеу тәжірибесіне сәйкес, Мемлекеттік дума «цифрлық экономика» аясында құқықтық қатынастарды реттеуге негіз болатын бірқатар заң жобаларын енгізген және бекіткен, соның ішінде «Инвестицияларды тартудың балама тәсілдері туралы» заң жобасы (краудфандинге), жоба коммерциялық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлердің ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, инвестицияларды тартатын қарым-қатынастарын реттейді, сондай-ақ бөлшек қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша инвестициялық платформа операторларының қызметін қамтамасыз етудің құқықтық негізін анықтайды.

Сонымен заң жобасы мыналарды анықтайды:

1) бөлшек қаржыландыруды ұйымдастыруды айқындайды (краудфандинга);

2) инвестициялық платформаға, оның операторына және қатысушыларына қойылатын талаптарды белгілейді;

3) инвестициялық платформаны пайдалану арқылы орналастырылған эмиссиялық бағалы қағаздарға ақша салу ерекшеліктерімен қоса, инвестициялық платформалар арқылы инвестициялау процесін сипаттайды;

4) ақпаратты ашу мен беру жөніндегі талаптарды белгілейді.

7. Үлкен деректер.

Қазіргі уақытта «BigData» жаһандық технологиялары болашақтың негізгі технологиялары болып табылады. Нью-Йорктегі мыңдаған инфрақызыл камералар үйлердің терезелеріне бағытталған - тұрғындардың қашан ұйықтайтыны және оянатыны туралы, қашан шам жағатындары туралы ақпарат жинайды, тіпті олардың қандай шамдардың түрлерін пайдаланатынын біледі, ғимараттардың экологиялық зиянды шығарындылары туралы ақпаратты жинайды. Бағдар шамдарындағы дыбыстық сенсорлар автомобиль ағымдары мен үйдегілердегі ойын-сауықтардан болатын шудың деңгейін анықтайды.

Чикагодағы көшелердегі сенсорлар тек қана қоршаған ортаның (көміртегі диоксидінің шоғырлануы, шу деңгейі, жел жылдамдығы) күйі туралы деректерді жазып қана қоймайды, сондай-ақ жаяу жүргіншілер ағымдарының мінез-құлқы туралы да деректерді жазады. Хьюстонда билік органдары азаматтардың смартфондарын бақылайды, жолдардағы кептелістер туарлы  біліп, бағдаршамдарды синхрондауды қадағалайды.

Барселонада биліктің тапсырысы талдаушылар жай қала өмірінің көптеген параметрлерін - экономикалық және демографиялық көрсеткіштерден бастап жалға алынған велосипедтерді пайдалану және автобус маршруттарының жүктелу статистикасына дейін зерттейді; компьютерлік бағдарламалар әлеуметтік желілерде белгілі бір қалалық оқиғалар туралы ақпаратты қарайды, ал қоқыс контейнерлеріндегі  бергіштер бұл кезде санитарлық қызметтердің жұмысын оңтайландыруға көмектеседі.

8. Реттеуші құм салғыштар

Бүкіл әлем бойынша 14 «құм салғыштар» іске асырылады: Ұлыбритания, Сингапур, Австралия, Біріккен Араб Әмірліктері және басқалар.

Ұлыбритания - қаржы нарығы үшін реттеуші құм салғышты енгізу туралы шешім қабылдаған алғашқы ел. 2014 жылы Қаржылық реттеу және қадағалау қызметі (FCA) негізінде, Project Innovate, яғни финтех - компанияларымен өзара әрекеттесу және оларға жағдай жасау бағдарламасы іске қосылды. 2015 жылы FCA тарапынан Project Innovate шеңберінде реттеуші құм салғышты - "инновациялық өнімдерді, қызметтерді, бизнес модельдерді және міндетті түрде барлық реттеу талаптарын орындамай-ақ қызмет көрсету тәсілдерін тестілеу үшін қауіпсіз ортаны" іске қосу ұсынылды.

9. Бірыңғай лицензиялау саясаты

Біріктірілген (орталықтандырылған) сатып алулар - сатып алуды ұйымдастырушы тарапынан бірнеше тапсырыс берушілердің (оның ішінде қажеттілігі шоғырландырылған сатып алуларға енгізілген тапсырыс берушінің біреуі) мүдделеріне бір мезгілде   өткізілетін өнімдерді сатып алу тәртібі.

Қазіргі уақытта Құрама Штаттардағы федералдық билік органдары үшін сатып алуларды жүргізу  Genneral Services Administration - Жалпы қызметтер басқармасының құзыретіне берілген. Министрліктер мен ведомстволардың өтініштері негізінде ЖҚБ конкурстық рәсімдерді, ең алдымен, тендерлерді қолдана отырып, ауқымды сатып алуды ұйымдастырады. Тауарлар ЖҚБ қоймаларында сақталады және тапсырыс берушілерге ЖҚБ тіршілігін қамтамасыз ету үшін қызметшінің аз процентін ұстап қалу арқылы көтерме бағамен сатады. Ұлттық қорғаныс мұқтажы үшін сатып алуды АҚШ Қорғаныс министрлігі (Department of Defenseі) жүзеге асырады. Мамандандырылған сатып алуды Энергетика саласындағы зерттеулер және даму агенттігі (Energy Research and Development Agency), Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (National Aeronautics and Space Administration, NASA) сияқты және т.б. басқа да агенттіктер жүзеге асырады.

10. Заттар интернеті

Gartner халықаралық консалтингтік компаниясының деректері бойынша, 2018 жылға қарай бизнес-процестерде жұмыс істеу үшін цифрлық бизнес қызметкерлерінің  50% -ға азаяды. Сонымен қатар, 2025 жылға қарай, әрбір үшінші жұмыс орны бағдарламалық қамтамасыз етуге немесе роботтарға ауыстырылады. Сондай-ақ, Oxford Martin Schoo деректеріне сай, келесі он-жиырма жылда компьютерлендіру нәтижесінде АҚШ жұмыс орындарының жалпы санының шамамен 47% автоматтандырылуы мүмкін.

Өнеркәсіптік интернет заттар тұжырымдамасының басты міндеті - ірі деректерді «смарт» деректерге айналдыру, яғни олардың негізінде нақты уақыт тәртібінде шешім қабылдауға мүмкін алу үшін. Бұл өнеркәсіп үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Ықтимал артықшылықтарды екі үлкен топқа бөлуге болады. Бірінші - ұйымның жұмысы тиімділік тұрғысынан жақсартылуы мүмкін, жылдамдық артады және тез шешім қабылдайды. Екінші топ - бизнес моделінің өзінің өзгеруі. Бұдан әір ел бойынша өнеркәсіп секторында IoT енгізу мысалдарын қарастырыңыз.

11. Жасанды интеллект

IDC халықаралық зерттеу компаниясының бағалауы бойынша, 2017 жылы әлемдегі жасанды интеллектке (ЖИ) жұмсалған қаражат 12,5 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2016 жылға қарағанда 59% артық. 2020 жылы аталған сома 50 миллиард долларға жетеді, UBS бағалауы бойынша, 2030 жылға қарай ол 100 миллиард долларға дейін өседі.

CB Insights деректері бойынша, ЖИ қолданатын стартаптармен жасалған мәмілелердің саны 2012 жылғы 160-тан 2016 жылы 658-ге дейін өскен.

ЖИ технологияларын мен бағдарламалық қамтамасыз етуін жетекші әзірлеушілері мен жеткізіп берушілері қатарында  АТ-индустриясының алыптары - Google, IBM, Microsoft, General Vision, Intel, NVIDIA және басқалары тұр.

ЖИ қолданудың ең перспективалы бағыттары ретінде көбінесе банкинг, ритейл, денсаулық сақтау және өнеркәсіптік өндіріс аталады.


 

10. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығыстар

Заң жобасын іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржы шығындарын талап етпейді.

Пікір

СУХАНОВ АНДРЕЙ Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и... мәтінді қарау 0 0 11/10 - 09:31

Представляется не совсем удачной фраза «по вопросам регулирования цифровых технологий» в заголовке рассматриваемого Законопроекта, поскольку регулированию подлежат не сами цифровые технологии, а общественные отношения, связанные с применением и внедрением цифровых технологий (см. предмет регулирования Законопроекта).

12/12 - 15:46

Благодарим за вопрос. Ваше предложение было принято

ПОКУСОВ АЛЕКСАНДР Тест желтых страниц закреплен законодательно. Зако... мәтінді қарау 0 0 14/10 - 22:04

Для передачи функций в рынок. Например, сопровождения ГИС, необходимо сначала создать равные условия и нормативно-правовую базу по закупкам для всех субъектов рынка, чтобы можно было в первую очередь обеспечить бесперебойное предоставление сервиса. На практике же сопровождение каждой системы привязано к конкретному поставщику, т.к. он обладает уникальной базой знаний для бесперебойного оказания услуг. А передача услуг другому поставщику по сути невозможна либо как минимум снижает качество предоставления услуг на период "обучения" нового поставщика, а это как правило критично. Вся эта ситуация связана с тем, что документы которые создаются в рамках создания/развития/поддержки систем не описывают всех деталей. Кроме этого программный код систем и такая документация (в т.ч. стат.информация по используемости системы) недоступны потенциальным поставщикам до заключения договора о гос.закупках. Что не позволяет оценить насколько реально система поддерживаема и какие требуются ресурсы для ее поддержки, а равно оценить реальную стоимость сопровождения. Для применения yellow pages необходимо МИК сначала создать равные условия на рынке, а не просто оставлять гос.орган (как правило управления информатизации в ГО не имеют достаточных компетенций и времени для грамотной постановки задач и контроля исполнения (так практически никто не проверяет описание программного кода) с рыночным монополистом без инструментов собственной защиты. Так правильнее было бы проанализировать какой процент услуг по поддержке ИС передается от одного рыночного субъекта другому из года в год(с учетом разных учредителей компаний) и только доведя этот показатель хотя бы до 50% можно говорить о возможности передачи услуг в рынок.

12/12 - 15:48

Благодарим за вопрос. Ваши предложения будут рассмотрены в Рабочей группе по разработке данного Законопроекта.

ПОКУСОВ АЛЕКСАНДР 1. Технология блокчейн... мәтінді қарау 0 0 14/10 - 22:06

Технология блокчейн - является всего лишь одной из возможных, позволяющих по сути создать одноранговую сеть доверия. Причем есть более новые, более надежные, быстрые технологии на этих принципах, которые просто не пропиарены так. Нужно закреплять не один блокчейн, а сам принцип построения сетей и баз данных на распределенных реестрах и их регулирование. Пример подробного описания: https://ethclassic.ru/.../chem-otlichayutsya-blokchejn-i.../ Примеры технологий: https://crypto-fox.ru/faq/distributed-ledger-technology/

12/12 - 15:48

Благодарим за вопрос. Ваше предложение будет изучено.

ПОКУСОВ АЛЕКСАНДР 8. Регулятивные песочницы... мәтінді қарау 0 1 14/10 - 22:21

Разве создание песочницы не потребует финансовых затрат, на каком оборудовании и с помощью каких средств будет создана песочница?

12/12 - 15:47

Благодарим за вопрос. Целью разработки Законопроекта является нормативное закрепление понятийного аппарата и регулирование общественные отношения, связанные с применением и внедрением цифровых технологий, в том числе «песочницы». Вышеуказанные Вами вопросы будут детально проработаны и согласованы с заинтересованными сторонами при реализации самой песочницы.