Бірыңғай байланыс орталығы

1414

8-800-080-7777

Жүктеу (docx)

Мәслихаттың 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 183 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Статус: МО қарастыруда
НҚА түрі: Шешім
Құру күні: 27/12/2018
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 14/01/2019
Қосымша құжаттар:
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу
  • Жүктеу

ЖОБА

 

Мәслихаттың 2017 жылғы 4 желтоқсандағы       № 183 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мәслихаттың 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 183 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7433 номірімен тіркелген, 2018 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітіліген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының жобасында:

«Жалпы ережелер» атты 1-тарауда:

2-тармақ мына мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

«11) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар    және    Қазақстан    Республикасы    тарихының   барысына   ықпал   еткен оқиғалар.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күнге және мереке күніне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығару күні – 15 ақпан атаулы күні, Жеңіс күні – 9 Мамыр мереке күні болып табылады.»;

«Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі» атты 2-тарауда:

7-тармақ:

«азаматтардың жекелеген санаттарына» деген сөздерден кейін «атаулы күнге және» деген сөздермен толықтырылсын және әрі қарай мәтін бойынша;

мына мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

«10) Ауғанстан аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысушылар санынан  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан теңестірілген адамдарға кеңес әскерлерін Ауғанстаннан шығаруына 30 жылдығына орай, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде.»;

«Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі» атты 3-тарауда:

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Атаулы күнге және мереке күніне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.».

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қалалық мәслихаттың кезектен

тыс сессиясының төрағасы

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                            С. Байғожин

Пікір

СУХАНОВ АНДРЕЙ в главе 1 «Общие положения»:... мәтінді қарау 0 0 27/12 - 14:42

Главы (или разделы) в рассматриваемых Правилах не обозначены таковыми.

15/01 - 14:52

Данное замечание было уже устранено, спасибо.