Бірыңғай байланыс орталығы

1414

+7-7172-906-984

Категория

Іздеу шарты

Мемлекеттік орган *

Қоғамдық талқылаудың мерзімі

С По

Түрі

Статус

Құру күні

С По

 


«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қысқаша мазмұны:
Статус: Архив
Жоба нұсқасы:   Нұсқасы 1   
НҚА түрі: Қаулы
Құру күні: 29/10/2020
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 12/11/2020
Онлайн талқылау басталу уақыты: 06/01/2021 10:45:00
Онлайн талқылау аяқталу уақыты: 06/01/2021 12:30:00
Қосымша құжаттар:

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                             А. Мамин

 

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізу:

Жоғарыда аталған Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына:

«3. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің ағымдағы ахуалын талдау, даму үрдістері, пайымы және оны жаңғырту қажеттігі» 3-бөлімінде:

«3.1. Ағымдағы ахуалды талдау» 3.1-бөлімшесінің:

бірінші бөліктің 4) және 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«4) жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалдық базасын дамыту және тиімділігін арттыру мақсатында 2013 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - БЖЗҚ) құрылды. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша онда салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша 10,8 трлн. жеке зейнетақы шоттарында 10,7 млн. теңге зейнетақы активтері шоғырландырылған;»

«6) зейнетақы бағдарламасын қаржыландыру тұрақты ұлғайтылуда  және зейнетақы төлемдерінің мөлшері арттырылуда. 1999 жылдан бастап 2019 жылға дейін осы мақсаттарға шығыстар 22,7 есе, базалық зейнетақы төлемін ескергенде орташа зейнетақы мөлшері 21,6 есе (3 964 - тен 85 739-ға дейін) ұлғайды;»

екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осылайша, жоғарыда көрсетілген іс-шаралар кешенін іске асыру кірісті зейнетақы төлемдерімен алмастырудың халықаралық стандарттарына сәйкес келетін коэффициентін қамтамасыз етуге жағдай жасайды, ол 2019 жыл үшін жалпы экономика бойынша орташа айлық жалақының 52,7%-ын құрады.»

«3.2. Әлемдік тәжірибеге шолу» 3.2-бөлімшесінің:

екінші бөлігі мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы азбацтармен толықтырылсын:

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) қатысушы елдерді қоса алғанда, әлем елдерінің зейнетақы жүйелері зейнеткерлікке шыққаннан кейін олардың ең төменгі өмір сүру деңгейін ұстап тұру және сол арқылы егде жаста кедейлік деңгейін төмендету арқылы егде жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін міндетті мемлекеттік компонентке ие.

Ең төменгі зейнетақылар қандай да бір нақты зейнетақы бағдарламасы шегінде (аударылатын жарналарға негізделген) ең төменгі зейнетақы мөлшеріне не жиынтығында зейнетақы жүйесінің барлық компоненттеріне жатқызылуы мүмкін. Қазіргі уақытта ең төменгі зейнетақы ЭЫДҰ-ның 17 елінде төленеді.»;

«3.3. Іске асыру кезеңдері» 3.3-бөлімшесінің:

бесінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) базалық зейнетақы төлемінен мемлекеттік кепілдік беру тетігін оңтайландыруға, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі аз адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға, табысты зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін арттыруға мүмкіндік беретін ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыға өтуді қоса алғанда, зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктері жүйесін одан әрі жетілдірумен;»;

«4. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері» 4-бөлімінің:

«4.2 Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттары» тарауы 4.2-бөлімшесінің:

«Зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктері жүйесін жетілдіру» тарауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік жаңғырту идеологиясына сәйкес халықаралық стандарттарда көзделген зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін іске асыру үшін базалық деңгейде зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыруға өзгерістер енгізу ұсынылады.

2018 жылғы 1 шілдеге дейін зейнеткерлік жасқа жеткен:

1) ортақ жүйенің қатысушысы болып табылатын және/немесе жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударатын адамдарға базалық зейнетақы олардың еңбек өтіліне және жалақысына қарамастан біркелкі мөлшерде тағайындалған;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі жоқ және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыспаған адамдарға жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы берілді, оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ын құрады.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, зейнеткерлер арасында кедейліктің алдын алу және еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатында 2018 жылғы 1 шілдеден бастап:

1) базалық зейнетақыны азаматтар зейнеткерлік жасына жеткен кезде ғана, сондай-ақ зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындауға көшуді жүзеге асырылды;

2) зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем адамдар үшін ең төменгі күнкөріс шамасының 54%-ы мөлшерінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленген болатын;

3) зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 %-ы мөлшерінде ұсыныла бастады, ал 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 %-ға ұлғаюымен, ал қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болса, ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне теңесе бастады.

Осы өзгерістер тек зейнеткерлер арасында кедейлікті азайтуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың еңбекке ынтасын күшейтуге және еңбек қатынастарын заңдастыруға бағытталған.

Қазіргі зейнеткерлер үшін зейнетақымен қамсыздандырудың ортақ, сол сияқты жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін ескере отырып, базалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілген болатын. Бұл базалық зейнетақының мөлшерін 1,8 есе арттыруға мүмкіндік берді.

Ортақ жүйеден жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшкен кезеңде (2028 жылға дейін) зейнетке шығатын азаматтар үшін базалық зейнетақы:
      1) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілін;
       2) 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын төлеу кезеңінде тағайындалады.

Зейнетақымен қамсыздандырудың ең төменгі кепілдіктерін қолайлы деңгейде беру мақсатында базалық зейнетақыны тағайындаудан ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны тағайындауға өту жүзеге асырылатын болады (2028 жылдан бастап).

Осыған байланысты:

1) зейнетақы жүйесіне кемінде 5 жыл қатысу өтілі бар адамдар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде ең төменгі кепілдік берілген зейнетақы белгіленсін;

2) зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 5 жыл болған жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% мөлшерінде базалық зейнетақыны айқындау, 5 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 %-ға ұлғайтылатын болады.

3) базалық зейнетақы тағайындауды алып тастау;

4) базалық зейнетақы алушылар үшін ең төменгі кепілдік берілген зейнетақыны базалық зейнетақы мөлшерін есептеу кезінде ескерілген зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып есептеу ұсынылады.

Ортақ зейнетақы мөлшерін қолданыстағы зейнетақы заңнамасының шарттарында тиімді деңгейде ұстау үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға ілгерілеп, индекстелетін болады.»;

«Зейнетақымен қамсыздандыру дың барабарлығын сақтау үшін 2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен кезең-кезеңімен, 2023 жылғы 1% - дан бастап, оны 2029 жылға қарай 5% - ға дейін жеткізе отырып, қосымша шартты-жинақтаушы құрамдауышты енгізу» ұсынылады.

«Бұл ретте салымшыға (алушыға) оларды әлеуметтік мұқтаждықтарға пайдалану құқығын бере отырып, жұмыс берушінің зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін осы көрсетілген шоттарға міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке нысаналы шоттар ашуды көздеу қажет.

Жұмыс берушілер жұмыскердің кіріс мөлшерінен есептелетін міндетті 5%-дық зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен аударатын болады.

Зейнетақы жарналарын есепке алу БЖЗҚ-да ашылған жеке нысаналы шоттарда жүргізіледі.

2021 жылдан бастап зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат емделу ақысын төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға басқаруға беру құқығы берілді.

Жарналар капиталдандырылады және қаржы құралдарына инвестицияланады, бұл ретте кірістілік инвестициялық қызметтің нәтижелеріне, сондай-ақ қаржы нарықтарының жай-күйіне қарай қалыптастырылатын болады.

Ең төменгі еңбек өтілі 5 жылды құрайды, онда белгілі бір жағдайларда 20 жастан бастап (салымшы-алушының жынысына қарамастан) зейнетақы төлемдерін алу құқығы басталады

Инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдіктер шартты-жинақтаушы құрамдауышына қолданылмайды.

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің параметрлерін жетілдіру» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің параметрлерін жетілдіру қызметкерлердің өздерінің 10%-дық аударымдарының есебінен қалыптасатын қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі зейнетақы төлемдері сақталады. Бұл ретте алатын зейнетақы төлемдерінің шамасы азаматтардың жүйеге жарналарды тұрақты түрде аударуына, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының кіріс деңгейіне байланысты болады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялауды БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес мақұлдайтын инвестициялық стратегия шеңберінде жүзеге асырылады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясы зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін орналастыру Рұқсат етілген қаржылық құралдар тізбесіне енгізілген қаржылық құралдарға жүзеге асырылады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру және қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін 2018 жылдан бастап мынадай өзгерістер енгізілді:

1) ең төменгі 12 зейнетақыдан аспайтын зейнетақы жинақтарының сомаларын қоспағанда, зейнетақы жинақтарын алып қоюдың паушальды (біржолғы) қағидатын жою;

2) БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін кесте бойынша ғана (ай сайын) не зейнетақы аннуитетін иелену арқылы жүзеге асыру;

3) азаматтардың зейнетақы жасына толған жағдайда ғана оны төлеуге құқығын алу арқылы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы жөніндегі мемлекеттік кепілдікті төлеу тәртібі оңтайландырылса. Бұл ретте мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемінің сомасы жеке зейнетақы шоттарына есептелуге тиіс.

4) қалыптастырылған зейнетақы жинақтары есебінен зейнеткерлік жасқа толуы бойынша зейнетақы төлемдері проактивті форматта жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, қажет болады:

1) зейнетақы аннуитетінің құнын есептеу үшін базалық негізді қайта қарау;

2) ЖЗЖ қатысушылары үшін ғана өмір бойы төленетін зейнетақы төлемдерін (зейнетақы аннуитеті) көздейтін шарт жасау міндеттілігін белгілеу;

3) әйелдер зейнетақысының неғұрлым төмен болуының гендерлік проблемасын ішінара шешуге мүмкіндік беретін бірлескен аннуитеттер тетігін енгізу;

4) салымшыға (алушыға) оның қалауы бойынша зейнеткерлікке «кейінге қалдырылған шығу» құқығын беруге міндетті. Бұл ретте оған осы кезеңге тағайындалған зейнетақы төлемдері жүзеге асырылмайды және ол жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуды жалғастыра алады. Салымшыға (алушыға) кепілдік берілген кезең қамтамасыз етілетін болады, оның барысында мұрагерлерге бюджет қаражаты есебінен (ынтымақты, базалық зейнетақы), сол сияқты жинақтаушы зейнетақы төлемдері де жүзеге асырылатын болады.

5) зейнетақы аннуитеті шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымдарынан төленетін төлемдер мөлшеріне ұқсас БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері, яғни республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде белгіленсін (2020 жылы ең төмен зейнетақы мөлшері 38636 теңгені құрайды).

Бұл зейнеткерлерге төленетін зейнетақы төлемдерінің (ынтымақты, базалық және жинақтаушы зейнетақы) жиынтық мөлшерін ұлғайтуға мүмкіндік береді, бұл олардың әл-ауқаты мен зейнетақы жүйесіне сенімін арттырады.

6) азаматтардың барлық санаттары үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттерін қайта қарау.  БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ай сайынғы сомасының мөлшері алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне оның сомасының он екіден бір көбейтіндісі ретінде есептеледі.

Бұл ретте төлемдер халықтың жекелеген топтары үшін, мысалы, мүгедектігі бойынша және жынысы бойынша сараланбайды.

Қолданыстағы кесте ай сайынғы төлемдердің мөлшерін 8,5% деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін табыстылықтың болжамды деңгейі бөлігінде ескірген. Бүгінде табыстылық деңгейі шамамен 7% - ды құрайды. 

Бұл ретте қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлер үшін, сондай-ақ 1 және 2 топтағы мүгедектер үшін (жынысы бойынша бөле отырып) зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының жекелеген коэффициенттерін енгізу ұсынылады, өйткені олардың өмір сүру ұзақтығы әртүрлі.

Осы өзгеріс нәтижесінде халықтың осындай санаттары үшін зейнетақы төлемдерінің мерзімі азаматтардың барлық санаттары үшін зейнетақы төлемдерінен біршама қысқа болады, тиісінше осындай азаматтар үшін ай сайынғы төлемдердің сомасы жоғары болады.»;

«Халықтың зейнетақы жүйесімен қамтылуын кеңейту және көрсетілетін зейнетақы қызметтерінің сапасын арттыру» тарауының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін «бір терезе» қағидаты бойынша зейнетақы төлемдерін жүргізуге байланысты әкімшілік рәсімдерді оңайлатылған.».

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                          Қ. Тоқаев

Пікір

ИСЕНТУРЛИЕВА ЛЮДМИЛА

При этом, сохраняется право на пенсионные выплаты ... мәтінді қарау 06/01 - 12:23

Здравствуйте. " сохраняется право на пенсионные выплаты по возрасту при наличии не менее 6 месяцев трудового стажа на 1 января 1998 года." Скажите, а как же военные пенсионеры, которые имеют право получения пенсионных выплат по возрасту определенных указом Президента при прохождении воинской службы с выходом на пенсию в 45,47, лет и более, которые уже 10 лет получают пенсию попадают под дискриминацию местных властей и государства? Потому что интерпретация возрастного ценза привязана к 63 годам выхода на пенсию. Таким образом создаётся возможность двойных стандартов и полное отсутствие понятий Конституции РК, потому что дискриминация по отношению к военным пенсионерам присутствует во всех под нормативными актами созданных местными органами власти. Заключается это в следующем: При подписании какого-либо под нормативный правовой акт департаментом юстиции не проверяется текст, в котором идут расхождения с Законом о пенсионном обеспечении и Конституцией РК ст.14. п.2, Все категории пенсионеров по инвалидности по возрасту, по многодетности завуалированы под заголовок "Мало обеспеченные и малоимущие», - это не так. Семья бывшего Акима города Алматы Байбека является многодетной, но не малоимущей, однако льготами в г.Алматы на бесплатный проезд пользуется, т.к. есть постановление депутатов Мажилиса, которые в свою очередь подчиняются Акиму города. Военные пенсионеры, пользующиеся этим правом до 2014 года полностью исключены из данного постановления и со всех соц. гарантий от 2015 года, кроме оставленной им пенсии. Вот такими постановлениями подрывается социальный устой Государства местными царьками власти. Все началось с господина Есимова, продолжена господином Байбеком и господином Сагинтаевым - Акимы города Алматы бывшие и настоящие. Почему при принятии постановлении и законов постоянно идет пробел о военных пенсионерах, которые есть в законе "О пенсионном обеспечении в РК" и полностью игнорируются во всех постановлениях и указах? Что не новое постановление или указ, всё негативно отображается на военных пенсионерах. Однако в г. Нур Султан такое не допускается. Значит мы г.Алматы живем в другом Государстве и по другим законам созданными местными властями? Тогда зачем Конституция РК и имеющиеся законы если их можно нарушать под нормативными актами?

27/08 - 11:19

Ваши замечания приняты в работу, благодарим за отзыв !

ВОЛЧЕК ИЛЬЯ

3) зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл болса, б... мәтінді қарау 03/11 - 06:36

итого через 40лет мы получим 114% от пр.минимума это гдето 50тыс.тг. работая от 20лет до 60лет беспрерывно, гениально просто блеск

06/01 - 10:38

Уважаемый Сергей! Благодарим Вас за Ваш комментарии. Следует отметить, что размер прожиточного минимума ежегодно повышается на уровень инфляции. В этой связи, размеры социальных выплат, зависимые от этого показателя, также ежегодно повышаются. Кроме того, величина прожиточного минимума периодически пересматривается в зависимости от его структуры, что также влияет на размеры социальных выплат.

ВОЛЧЕК ИЛЬЯ

Инфляция деңгейін ескере отырып, жарналардың сақта... мәтінді қарау 03/11 - 06:27

Почему это не расространяются гарантии, ведь г-во берет деньги на свои нужны в том числе и из ПФ РК

06/01 - 10:38

Уважаемый Илья! Благодарим Вас за Ваш комментарии, при этом сообщаем, что поскольку пенсионные взносы в рамках условно-накопительной пенсионной системы будут производиться за счет средств работодателя, на них не будет распространено право собственности работников и право их наследования, и на них не распространяется гарантия по сохранности пенсионных накоплений.

БАЧАЕВА МАРИНА

О проекте Указа Президента Республики Казахстан «О... мәтінді қарау 01/11 - 16:40

Считаю,что в рамках модернизации пенсионной системы необходимо предусмотреть с 2021-2022 г. возможность выхода на пенсию досрочно,в случае стажа работы граждан свыше 35 лет и достаточности пенсионных накоплений в ЕНПФ. Выплату пенсий таким гражданам осуществлять из ЕНПФ за счет средств их личных накоплений, в случае накопленной суммы сверх нормы ,которые рассматривают к использованию гражданами РК на улучшение жилищных условий,оплату дорогостоящего лечения(с 2021 г.). Немало людей в нашем обществе, трудовой стаж которых по состоянию на 01.01.1998г. составляет 13-15 лет,которые при наступлении пенсионного возраста (63г.) будут получать выплату солидарной,базовой пенсии и расчетный размер её достаточный( свыше минимальной пенсии в 1,5 -2 раза). Т.е. пенсионное обеспечение таким гражданам в любом случае будет обеспечено с наступлением пенсионного возраста установленного законодательством РК. Почему бы не предоставить возможность досрочного выхода на пенсию для женщин в 58 лет, если есть возможность её получения из личных накоплений с ЕНПФ? ПРОСТО НУЖНО ВСЁ ПРОСЧИТАТЬ!!! ПРИ ТАКОМ ПОДХОДЕ И ВОПРОС ЗАНЯТОСТИ БУДЕТ РЕШАТЬСЯ И МЕНЬШЕ ВЫПЛАТ ИЗ ФОНДА СОЦИАЛЬНОГО СТРАХОВАНИЯ НА ОПЛАТУ БОЛЬНИЧНЫХ ЛИСТОВ ВРЕМЕННОЙ НЕТРУДОСПОСОБНОСТИ. ВЕДЬ С ВОЗРАСТОМ,МЫ ЧАЩЕ БОЛЕЕМ. КАК СЧИТАЕТЕ ДОРОГИЕ ДРУЗЬЯ?

06/01 - 10:37

Уважаемая Марина! Благодарим Вас за Ваш комментарии, при этом сообщаем, действующим законодательством предусмотрена возможность получения своих пенсионных накоплений, в виде ежемесячных пенсионных выплат женщинами при достижении 51,5 год (в 2020 году), мужчинами по достижении 55 лет путем заключения договора пенсионного аннуитета со страховой организацией, при достаточности пенсионных накоплений для осуществления ежемесячных выплат в размере минимальной пенсии.

ИСЕНТУРЛИЕВА ЛЮДМИЛА

О проекте Указа Президента Республики Казахстан «О... мәтінді қарау 31/10 - 14:48

Новшества, предлагаемые в проекте о пенсионной системе, ничего хорошего под собой не имеют. До настоящего времени местными властями все НПА интерпретируются как выгодно властям. Потому, что правительство РК в своё время позволило местному руководству распределять соц. Бюджет, а это значит, что нет едино законности, игнорируется Конституция, процветает дискриминация. В сущности, НПА изменяются , только для видимости. Необходимо наладить существующие законы, которые должны иметь прямую связь с Конституцией РК.

06/01 - 10:37

Уважаемая Людмила! Благодарим Вас за Ваш комментарии, при этом сообщаем, что предлагаемые новшества направлены на повышение уровня пенсионного обеспечения и не имеют ухудшающих последствий Кроме того, социальные обязательства, принятые государством, по повышению размеров социальных выплат, в том числе пенсий и пособий, выполняются в полном объеме и своевременно. На сегодняшний день социальные выплаты осуществляются из республиканского и местного бюджетов. Полагаем, что сформированная система социального обеспечения является оптимальной и соответствующей текущему уровню социально-экономического развития страны.