Бірыңғай байланыс орталығы

1414

+7-7172-906-984

Категория

Іздеу шарты

Мемлекеттік орган *

Қоғамдық талқылаудың мерзімі

С По

Түрі

Статус

Құру күні

С По

 


«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қысқаша мазмұны:
Статус: Архив
Жоба нұсқасы:   Нұсқасы 3    (  Нұсқасы 2  ,  Нұсқасы 1  )
НҚА түрі: Қаулы
Құру күні: 05/03/2021
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: 25/03/2021
Онлайн талқылау басталу уақыты: 25/03/2021 11:10:00
Онлайн талқылау аяқталу уақыты: 25/03/2021 12:15:00
Қосымша құжаттар:

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы

құрметіне арналған мерекелік медаль туралы»

Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

 

 

Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі                                                          А. Мамин

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы

 

Қазақстан Республикасының дамуына, мемлекеттілігінің қалыптасуы мен егемендігінің нығаюына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі тағайындалсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары;

2) «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы бекітілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

                           Президенті                                                                Қ. Тоқаев

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

20   жылғы «     »

№        Жарлығымен

бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл»

мерекелік медалімен наградтау қағидалары

 

1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен (бұдан әрі – мерекелік медаль) наградтау тәртібін реттейді.

2. Мерекелік медальмен Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары және шетел азаматтары наградталады.

3. Мерекелік медальмен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, министрліктері, өзге де орталық мемлекеттік органдары, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар енгізеді.

4. Мерекелік медальді Қазақстан Республикасының Президенті тапсырады.

Мерекелік медальді Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және оның тапсырмасы бойынша сондай-ақ:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы;

2) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Мемлекет басшысы осыған уәкілеттік берген өзге де лауазымды адамдар тапсыра алады.

Наградталған адамға мерекелік медальмен қоса белгіленген үлгідегі куәлік табыс етіледі.

5. Мерекелік медальді тапсыру салтанатты жағдайда жүргізіледі және наградталушының жеке өзіне тапсырылады. Тапсыру алдында Қазақстан Республикасы Президентінің наградтау туралы Жарлығы жария етіледі.

6. Мерекелік медаль сол жақ омырауға тағылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары болған жағдайда олардан кейін орналасады.

7. Мерекелік медальдің табыс етілгендігі туралы наградтауға арналған тізімге тиісті жазба жазылады.

Табыс етілмеген мерекелік медальдар мен олардың куәліктері қайтарылу себептері көрсетіле отырып, Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Ордендер қоймасына қайтарылады, бұл туралы тізімдерге тиісті белгі қойылады.

Жүргізілген наградтаулардың есебін, сондай-ақ мерекелік медальдардың тапсырылу барысы туралы есептелікті Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 20   жылғы «»          №  Жарлығымен бекітілген

 

 

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалінің сипаттамасы

 

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (бұдан әрі – мерекелік медаль) диаметрі 34 мм дұрыс шеңбер нысанында болады.

Мерекелік медальдің бет жағында (аверсінде) «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ» деген жазу орналасқан. Мерекелік медальдің төменгі бөлігінде ұлттық ою-өрнек бейнеленген.

Мерекелік медальдің сыртқы бетінің (реверсінде) ортаңғы бөлігінде төрт жолмен орындалған «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 ЖЫЛ» деген жазу бейнеленген. Жазудың төменгі және жоғарғы жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Медальдағы бейнелер мен жазулардың бәрi де бедерлi, алтын түстес. Аверс пен реверс беті күңгірт.

Мерекелік медаль сары түсті металдан (жезден) дайындалады.

Мерекелік медаль құлақша мен шығыршық арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы түстес қатқыл лентамен қапталған ені
32 мм және биіктігі 50 мм тағанға жалғанады. Лентаның ортасында ені 5 мм тік сары жолақ өтеді, оның шеттері ені 2 мм қызыл түсті жолақтармен жиектелген.

Мерекелік медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.