Единый контакт-центр

1414

8-800-080-7777

Категория

Условие поиска

Государственный орган *

Публичное обсуждение до

С По

Тип

Статус

Дата создания

С По

 


О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов»

Краткое содержание:
Статус: Архив
Версия проекта:   Версия 1   
Тип НПА: Приказ
Дата создания: 06/04/2021
Публичное обсуждение до: 20/04/2021
Дата запуска онлайн-обсуждения: 21/04/2021 10:00:00
Дата окончания онлайн-обсуждения: 21/04/2021 18:00:00
Приложенные документы:
  • Скачать
  • Скачать

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                              

 

«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы

29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

         1. «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған») мынадай өзгерістер енгізілсін:

         көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларда:

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Көрсетілетін қызметті алушы аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне не порталға жүгінген кезде:

1) аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтінішті келіп түскен күні (17:30 кейін түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) тіркейді және оны аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды;

2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш келіп түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарауға барады. Карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарау негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді.

         Карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген күннен бастап 3 (3) жұмыс күні:

«e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) пайдалана отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді;

дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне береді;

3) аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін, уақытын және орнын көрсете отырып, фитосанитариялық сертификаттың дайын екендігі туралы хабарлама не оны беруден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

         мынадай мазмұндағы 27-1-тармақпен толықтырылсын:

«27-1. Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызмет берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор         өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бесінші) жұмыс сағаты ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.»;

28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«28. Фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу өтінішке карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының межелі елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімді (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағынан әкету үшін фитосанитариялық сертификат алуға арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесі оларды келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үшінші) жұмыс сағаты ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға
6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді.»;

49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«49. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде:

1) аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің жұмыскері карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орнын ауыстыруға карантиндік сертификат алуға арналған өтінішті келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және оны өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайтын аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді;

2) өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын қарайды, және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор:

карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен, қажет болған жағдайда, үлгілерді іріктей отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады;

карантинге жатқызылған өнімді жете тексеру негізінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді;

карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде өтініш тіркелген сәттен бастап 8 (сегізінші) жұмыс сағаты ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;»;

мынадай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

«49-1. Карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдеу карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі         № 131 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20432 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 131 бұйрық) бекітілген карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысын өтінішке қоса бере отырып, карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесінде тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген карантинге жатқызылған өнімнің Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш келіп түскен кезде аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің жұмыскері оларды келіп түскен күні тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс сағаты ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, және көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор         өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бесінші) жұмыс сағаты ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға
14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды рәсімдеу карантинге жатқызылған өнімнің мәлімделген партиясының               № 131 бұйрыққа сәйкестігін растайтын, өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 7 (жеті) күннен асырмай берілген, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесімен тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс сағаты ішінде жүзеге асырылады.

Карантинге жатқызылған өнімнің жай-күйін карантиндік фитосанитариялық сараптау қорытындысы қоса берілген, тез бұзылатын карантинге жатқызылған өнімнің (жемістер, жидектер, көкөністер, бақша дақылдары) Қазақстан Республикасының аумағында орын ауыстыруына карантиндік сертификат беруге арналған өтініш келіп түскен күні аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің жұмыскері оларды тіркейді (17:30-дан кейін келіп түскен жағдайда, өтініш келесі жұмыс күні тіркеледі) және аумақтық бөлімшенің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына қарауға береді, ол өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспекторды тағайындайды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтініш келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, өсімдіктер карантині жөніндегі жауапты мемлекеттік инспектор өтінішті одан әрі қараудан уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, ал көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда өтініш тіркелген сәттен бастап 3 (ұшінші) жұмыс сағаты ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификатты немесе оны беруден уәжді бас тартуды ресімдейді және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология, геология және

табиғи ресурстар министрлігі

 

 

 

Комментарий

СУХАНОВ АНДРЕЙ

«Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объ... посмотреть текст 06/04 - 17:59

«Проекты на Портале размещаются на казахском и русском языках.» (пункт 6 Правил…, утвержденных приказом Министра информации и коммуникаций РК от 30 июня 2016 года № 22).

20/04 - 11:07

Ваши замечания будут учтены Проект приказа «О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 29 июня 2015 года № 15-08/590 «Об утверждении Правил по охране территории Республики Казахстан от карантинных объектов и чужеродных видов» будет размещен повторно.