Единый контакт-центр

1414

+7-7172-906-984

Категория

Условие поиска

Государственный орган *

Публичное обсуждение до

С По

Тип

Статус

Дата создания

С По

 


Об утверждении стандарта государственной услуги «Субсидирование затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов»

Краткое содержание:
Статус: Архив
Версия проекта:   Версия 1   
Тип НПА: Стандарт
Дата создания: 23/12/2016
Публичное обсуждение до: 22/01/2017
Дата запуска онлайн-обсуждения: 23/01/2017 10:40:00
Дата окончания онлайн-обсуждения: 24/01/2017 10:40:00
Приложенные документы:

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

 

1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - Мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1)көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар тапсырылған сәттен бастап – 5 жұмыс күні;

2)қажетті құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минуттан артық емес;

3)көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минуттан артық емес;

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

Көрсетілетін қызметті алушы  жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға Қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің болуы;

2) оған (оларға) қатысты өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативі (-тері) ішкі аудитінің ағымдағы жылы берілген қорытындысының (-ларының) болуы;

3) оған (оларға) қатысты өтінім берілген Ауыл шаруашылығы кооперативінің (-терінің) ішкі аудитін жүргізуге ағымдағы жылы субсидиялар төлеудің болмауы субсидиялар алудың шарттары болып табылады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі.

Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің  кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы, байланыс телефоны көрсетiледі.

Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды портал арқылы «жеке кабинеттен» жөнелткен кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жіберіледі, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі»;

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:  көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында.

 

Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін   
жүргізуге арналған шығындарын   
субсидиялау қағидаларына  қосымша

Нысан

____________________________________________________________облысының
(ауданның,облыстың, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы)

_____________________________________________________________________
                     (заңды тұлғаның толық атауы)

                              Өтінім

      Жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудиті үшін
ауыл шаруашылығы кооперативтері тексеру одақтарының шығындарын
________ теңге сомасына субсидиялау жүргізуді сұраймын.

      Субсидиялау шарттарына сәйкестікті растайтын мәліметтер:

р/с

Деректер көзі*

Қажетті мәліметтер

Деректер

1

2

3

4

1.

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама

тіркеу нөмірі

 

тіркеу күні

 

атауы

 

орналасқан жері

 

мемлекеттік тіркеу күні

 

кім берді

 

2.

Тексеру одағының ағымдағы шотының бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе ұлттық почта операторының анықтамасы

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

 

Бенефициар коды (КБЕ)

 

Банктің немесе почта операторының деректемелері:

Банктің немесе почта операторының атауы:

 

Банктік сәйкестендіру коды (БСК)

 

Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК)

 

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)

 

Бенефициар коды (Кбе)

 

3.

Ішкі аудит жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама**

тіркеу нөмірі

 

тіркеу күні

 

атауы

 

орналасқан жері

 

мемлекеттік тіркеу күні

 

кім берді

 

4.

Ішкі аудит қорытындысы

қорытынды берілген күн

 

Ескертпе:
      * Өтінім берушіден аталған құжаттардың түпнұсқаларын және
көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
      ** Жоғарыда баяндалған кестенің 3 және 4-жолдарындағы
мәліметтер ішкі аудитіне арналған шығындарды субсидиялауға осы өтінім
берілген әрбір ауыл шаруашылығы коперативі үшін толтырылады.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес
мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.

Басшы ______ ________________________________________________________
      (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
                             құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса) ______ ____________________________________
                          (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке
                              басын куәландыратын құжатта бар болса))

Мөр орны
20__жылғы «___»______________

Өтiнiм 20__жылғы «___»____________қарауға қабылданды.
________  ___________________________________________________________
(қолы)    (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
               аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))