Жүктеу (pdf)

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама

Статус:
НҚА түрі: Тұжырымдама
Қоғамдық талқылаудың мерзімі: dd/MM/yy

    1. Тұжырымдама атауы

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына тұжырымдама

     

    2. Заң жобасының атауы

    «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»


     

    3. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

     «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әрі –Заң жобасы) «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №248 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 10 мамырдағы №38-ө өкімі негізінде қалыптасқан Жер реформасы жөніндегі комиссия қызметінің қорытындылары бойынша берілген Мемлекет басшысының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 3214 тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген.

    Жер реформасы жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылған сәттен бастап ағымдағы жылғы тамыз айына дейінгі кезеңде Ақмола, Алматы, Қызылорда және Атырау облыстарының жұртшылығымен 9 отырыс мен кездесу өткізді.

    Комиссия қызметінің қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына ауыл шаруашылығына арналған жерлерді жалға беру институтын сақтаудың мақсатқа сайлығы туралы хаттамалық шешім қабылданды және жер заңнамасының ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ұтымды пайдалану, олардың құнарлылығын сақтау, ауыл шаруашылығына арналған жерлерді беру бойынша конкурстарды өткізуде ашықтықты қамтамасыз ету, жалға алушылардың жауапкершіліктерін арттыру, бір қолға берілетін жер алаңдарына шектеу қою, мал жаятын және шөп шабатын алқаптар беру және т.б. мәселелерін реттеу бөлігіндегі нормаларын жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар пысықталды.    

    Комиссияның аталған шешімдерін Мемлекет басшысы толықтай мақұлдады және Комиссия жұмысы осымен аяқталды. Комиссияның пысықталған ұсыныстары бойынша жер заңнамасын жетілдіру үшін заң жобасын қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізу бойынша одан арғы жұмыс Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелетін болады.

    Осыған байланысты, жоғарыда аталған тапсырманы орындау үшін және Комиссияның жер заңнамасының нормаларын жетілдіру жөніндегі пысықталған ұсыныстарын заңнамалық түрде реттеу мақсатында кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады:

    Жер заңнамасына келесі бағыттар бойынша:

    1)Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына

    арналған ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын  сақтау және жетілдіру

             «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерiн Қазақстан Республикасының азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларына тек жеке меншікке беру бойынша нормалар көзделген (2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданысына мараторий енгізілген).

             Осылайша берудің құқықтық тетіктері ауыл шаруашылығына арналған жерлерге құқықтарды сауда-саттық (аукциондар, конкурстар) арқылы сатып алуды көздейді (Жер кодексінің 48-бабы).

             Алайда Жер кодексінің 48-бабының нормалары еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға толық көлемде ықпал етпейді.

             Бүгінгі таңда республика бойынша жұмыс істеп тұрған 200 мыңнан астам жалға алушы бар, оның пайдалануында ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған 99,5 млн. га жер бар.

             Аталған жұмыс істейтін жалға алушылардың мүдделерін және осы жерлерді сауда-саттық арқылы жеке меншікке сатып алуға қаражаты жоқ ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған ауыл шаруашылығы жерлерін алуға мүдделі адамдардың жағдайын ескере келе жалға алу институтын сақтау бойынша нормалар ұсынылады.

    Ол үшін Заң жобасында осы мәселені нақты реттеу үшін ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы жалға берудің нақты тәртібін регламенттейтін жаңа 43-1-бапты енгізу ұсынылады.

    Осы бапта конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін жасау бойынша нормалар белгіленіп, конкурс өткізудің конкурстық тәртібі, конкурстық ұсыныстың мазмұны, бас тартудың негіздемесі, жеңімпазды анықтау шарттары, оның қорытындыларына шағымдану,  конкурс өткізілмеді немесе жарамсыз деп тану жағдайлары, құзыретіне конкурс өткізу мәселелері кіретін жергілікті атқарушы органдардың және конкурсқа қатысуға мүдделі адамдардың іс-әрекетінің реттілігі көрсетілетін болады.

    Сондай-ақ конкурсқа оның барлық әлеуетті қатысушыларының жариялануын және тең қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық кеңестер мен бірлестіктерді, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын ауыл шаруашылығына арналған жерлерді бөлу процесіне тарту, барлық деңгейдегі әкімдерді ауыл шаруашылығы жерлеріне конкурс өткізудің басталғаны туралы жазбаша нысанда міндетті түрде хабардар ету және конкурстың өтетіндігі туралы аудандық және облыстық БАҚ, интернет ресурста және арнайы ақпараттық стенділерде, халыққа қолжетімді орындарға  хабарландыру орналастыру бойынша нормалар көзделетін болады.   

    Сонымен қатар Заң жобасында ауыл шаруашылығына арналған жерлерді пайдалану бойынша бизнес-жоспарға сәйкес мыналарды:

    1. ауыл шаруашылығына құйылатын инвестициялардың көлемін;
    2.  ауыл шаруашылығы өнімін жоғары қосылған құнмен өндірумен бірге

    қайта өңдеуді қоса алғандағы ауыл шаруашылығының өндірісін;

    1. жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын құруды  көздейтін

    негізгі жағдайларды есепке ала отырып инвестициялардың көлеміне байланысты конкурсқа қойылатын жер учаскесін жалға алу мерзімін айқындау бойынша нормалар көрсетілетін болады.

    Жер қатынастары саласындағы өзара қарым-қатынастың ұсынылатын жаңа жүйесі азаматтық қоғамның дамуына, жергілікті атқарушы органдар қызметінің жариялы болуына ықпал етеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жерлерін беру процестерін ақпараттандыруға және оның ашық болуына бағдарланған.

    Ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану бойынша нормаларды жетілдіру мақсатында заң жобасында жердің ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту бойынша нормалар көзделеді.

    Сондай-ақ төмендегілер:

    • ауыл шаруашылығы жерлерін бес жылдық жалға алу ішінде

    пайдаланғаны үшін тұрақты мониторингті– жыл сайын, одан арғы кезеңде суарылатын жайылымдарға - әрбір үш жылда,  тәлімді жайылымдарға – әр бес жылда міндетті жүргізу;

    • жүргізілген мониторинг пен аталған комиссия жүргізген кешенді зерттеу

    нәтижелері бойынша әкімдіктер (құрамына әкімдіктердің және қоғамдық кеңестер мен бірлестіктердің өкілдері кіреді) құрған арнайы комиссияның шешімімен жалға алу мерзімін ұзарту бойынша және жалға алу шартының талаптарын тиісті түрде орындаған жағдайда;

    • ауыл шаруашылығы жерлерін жалға алудың үлгілік шартына нақты

    талаптарды және жер пайдаланушылардың міндеттері мен жауапкершілігін көрсете отырып бекіту (қолданыстағы заңнамада ол көзделмеген және әр әкімдік өз талаптарын қояды);

    • ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін

    жаңа тиімді өлшемшарттарды белгілеу  (қолданыстағы заңнама жердің ұтымды пайдаланылуына шынайы баға бере алмайды, себебі бүгінгі таңда белгіленген өлшемшарттар практикада қолданылмайды);

    • жалға алушы шарт талаптарын орындамаған жағдайда жалға алушының

    жер учаскесін бір жақты тәртіпте жалға алу шартын бұзу ( шартты бір жақты тәртіпте бұзу азаматтық заңнамада көзделген);

    • аудандық ( қаладағы аудандардан басқа) атқарушы органға және

    облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру бойынша функциялар  бөлу бойынша норма енгізу ұсынылады.

             Сондай-ақ жердің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылаудың жүзеге асырылуын күшейту мақсатында:

    • облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,

    аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың уәкілетті органдары қабылданған шешімдердің заңдылығын бақылауға бастамашылық ету үшін жүгіне алатын адамдардың тізбесін кеңейту ұсынылады.

             Жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауда басшылықты Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы жүзеге асырады.

             Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы орталық уәкілетті органның басшысы болып табылады.

             ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 25 тамыздағы №1011 қаулысына сәйкес аумақтық жер инспекциясының функциялары  жергілікті атқарушы органдарға тапсырылады, бүгінгі таңда олардың қызметіне қадағалау органдарынан басқа бақылау жоқ.

             Жергілікті атқарушы органдар жер учаскелерін пайдалану кезінде меншік иелері мен жер пайдаланушылардың,  сондай-ақ жер учаскелерін беру туралы өтініштерін қарау кезінде лауазымды адамдардың жер заңнамасын бұзушылықтардың анықталу көрсеткішін арттыруға қызығушылық  танытпайды, себебі олардың артуы ЖАО тиісті түрде жұмыс істемейтінін куәландыратын болады.

             Сонымен қатар Жер кодексінің 145-бабы 7-тармағына сәйкес жердi пайдалану және қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтардың iс жүзiнде жойылуын, сондай-ақ жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нұсқаулары мен ұйғарымдарын жер учаскелерiнiң меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың орындауын бақылауды жүзеге асырады.

             Алайда аталған органдарда елді мекен аумағында жеке тұлғаларға (жеке кәсіпкерлік субъектілерінен басқа)  қатысты мемлекеттік жер учаскелерін заңсыз түрде иемденуге немесе алмастыруға не жерге арналған мемлекеттік меншік құқығын бұзатын тікелей немесе жанама нысандағы басқа да мәмілелерді жасасуға жол берілмеуіне және жерді нысаналы мақсатына сай пайдаланбауға жол берілмеуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша құзырет жоқ. Осыған байланысты аудандық маңызды қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің құзыретін толықтыру ұсынылады.

             Сондай-ақ жердің пайдаланылуын мемлекеттік бақылау шарасы ретінде Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар  құратын комиссияның оң қорытындысының қолданыс мерзімін жерге орналастыру жобасының әзірленбей тұрып қалуына жол бермеу мақсатында белгілеу ұсынылады, себебі қолданыстағы нормаларда ондай мерзім белгіленбеген. Практикада комиссияның оң шешімін алғаннан кейін де өтініш беруші жерге орналастыру жобасын дайындау бойынша шаралар қабылдамайтын жағдайлар болады, бұл жер учаскесін ресімдеу мерзімінің ұзаруына және оның нысаналы мақсатына сай пайдаланылмауына алып келеді.

             Қалыптасқан жағдайларда ауыл шаруашылығына арналған жерді ұтымды және тиімді пайдалану проблемаларын шешу қажет. Тетіктердің бірі жерге орналастыру, жер кадастры, жерге мониторинг және оны қорғау бойынша нормативтік-құқықтық базаны және бағдарламалық-әдістемелік нұсқаулықтарды, сондай-ақ жер ресурстарының әлеуетін тиімді пайдаланудың экономикалық тетіктерін жетілдіру болып табылады.

             Комиссияның жұмысы барысында жерді есепке алудың жүргізілген талдауы жергілікті жерлерде жерді сандық есепке алуды жүргізудің төмен деңгейін куәландырады. Ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйі туралы объективті және шынайы ақпараттың болмауы ауыл шаруашылығының дамуын шектейтін фактор болып табылады. Ауыл шаруашылығы жерлерінің іс жүзінде пайдаланылуын және сапасын анықтау ауыл шаруашылығына арналған жерлерге тексеру жүргізуді және іздестіру жұмыстарын (топырақ, геоботаникалық, агрохимиялық және басқалар) жүргізуді талап етеді.

     

    1. Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы

    жерлерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу.

             Бүгінгі таңда Жер кодексінде шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін Қазақстан Республикасының бір азаматында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасында жерді пайдалану құқығымен болатын ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері реттелмеген.

             Мәселен, бүгінде республика бойынша 227 жер пайдаланушысына 25-тен 50 мың га. дейін, 53 жер пайдаланушысына – 50-ден 10 мың га дейін және 21 жер пайдаланушыға 100 мың га артық алаңымен жер учаскесі жалға берілген.

             Қазақстанның жеке және заңды тұлғаларына жер учаскелерін жалға берудің шекті ең жоғары мөлшері нормаларының болмауы және тиісті ғылыми әзірлемелердің болмауы жер қатынастарының одан арғы кезеңдеріне кері әсерін тигізді және еліміздің солтүстік өңірінде астық компаниялары үлгісіндегі олигархиялық құрылымдардың қалыптасуына алып келді, олар қарыздар есебінен ауылдық еңбеккерлерді жер үлесінен және мүліктік пайдан айырды. Аталған факті латифундистердің пайда болуына алып келеді.

             Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының азаматына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасына әр облыстың әкімшілік аудандары (қалалары) шегінде алқаптардың түрлері бойынша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу бойынша нормаларды Үкімет қаулысымен енгізу және жеке меншікте тұрған жерлердің осындай мөлшерін белгілеу бойынша қолданыстағы нормаларды қайта қарау ұсынылады.

     

             Бұл ретте ауыл шаруашылығына арналған жерлерді республика бойынша жалпы белгіленген нормадан жоғары мөлшерде «бір қолға» беруге тыйым салу туралы нормаларды енгізу қажет.

             Жалға берілетін жер учаскелерінің алқаптар түрлері бойынша шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін есепке алудың бірыңғай әдістемесі бойынша жүзеге асырылуға тиіс, ол ғылыми негізделген болуы және әр өңірдің жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктері (жер ресурстары, климаттық жағдайлары, халық саны, ауыл шаруашылығы саласының жүргізілетін бағыты, топырағының сапасы және басқалар) ескерілуі тиіс.

     

    1. Өңірдің жергілікті талаптары мен ерекшеліктеріне байланысты

    мемлекеттік шекарадан қашықтықты айқындай отырып, шекаралас аумақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату

             Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік шекараға тікелей тоғысатын 3 шақырымдық аймақтан ауыл шаруашылығы жерлерін жалға және жеке меншікке беру мүмкіндігі қарастырылған.

             Мемлекеттік шекараның шекаралық аймағынан және шекаралық жолағынан шетелдіктерге жерді жалға беруге шектеу қойылмаған, бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде қандай да бір қауіп тудырады. Осыған байланысты, заң жобасында Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының күзетілетін аймағына тікелей кіретін ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін беру бойынша шектеу аймағын белгілеу, ондай беруді тек жалға алу құқығында және өңірдегі жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты тек Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына беру ұсынылады.

     

    1. Халықтың жеке үй аулаларын ұстау бойынша қажеттіліктерін

    қанағаттандыру үшін елді мекендер маңындағы жайылымдар мен шабындықтардың алаңын айқындау және олардың жеке адамдарға жерді пайдалану үшін берілуін тыйым салу.

             Қалың орналасқан елді мекен өңірлерінде, сондай-ақ ірі елді мекендердің (қалаларда, кенттерде) шекаралас аймақтарында жайылымдық жерлер жеке аулалардың малын шығару үшін жеткілікті емес, осыған байланысты елді мекендердің маңында жем-шөп алқаптары қаты тозып кетеді.

             Қазіргі уақытта аудандарда шашамен жүз ЖҚШ ірі тауарлық деп атауға болады. Бұл шаруашылықтар пайда алу үшін өнім өндіруге және өткізуге бағытталған, ол олардың жалғыз кіріс көзі болып табылады.  

             Елді мекендер жанындағы жайылымдар мен шабындықтар халықтың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды,ал елді мекен айналасында бос жерлер іс жүзінде жоқ, себебі олар жеке тұлғаларға жерді пайдалануға берілген және әкімдіктердің оны алып қоюға мүмкіндігі жоқ, себебі халықтың жайылымдар мен шабындықтарға деген қажеттілігі заңда мемлекеттік жерге жатқызылмаған. Сондай-ақ жүктеме нормативтерін сақтамау салдарынан шартты түрді ауыл шаруашылығы жануарларының  1  басына арналған алаңдағы жердің топырақ құнарлылығы нашарлайды және тозуға ұшырайды.

             Елді мекендер маңында  халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдар мен шабындықтар мәселесін шешу әр елді мекен бойынша (елді мекеннің алаңы, халық саны, құқық түрі бойынша ауыл шаруашылығы пайдалануындағы бекітілген жердің саны, перспективалық дамуын есепке ала отырып, мал басы және басқалар)  қалыптасқан жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасауды талап етеді, сондай-ақ елді мекендер жанынан берілген жердің (меншік иелері мен жерді пайдаланушылар бөлігінде, алқап түрлері мен қызмет түрлері) саны туралы ақпаратты талдауды талап етеді.

             Осы мәселені іске асырудағы проблема тұрғындардың малын жаю үшін ауылдық елді мекендердің көпшілігінде жайылымдық және шабындық алқаптардың болмауы болып табылады, себебі ауылдардың жанындағы көптеген жерлерді жергілікті атқарушы органдар меншікке немесе жер пайдалануға берген.

             Халықтың жайылымдық және шабындық жерлерге мұқтаждығын оларды алып қою  мүмкіндігі үшін мемлекеттік жерге жатқызу ауыл тұрғындарының жеке аулаларын ұстау бойынша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жайылымдармен және шабындықпен қамтамасыз етуге және пайда алу үшін өнімнің өндірісін және өткізуді ретке келтіруге мүмкіндік береді.

     

    1. Жеке тұрғын үй құрылысына (бұдан әрі – ЖТҚ) жер беру

    бойынша нормаларды жетілдіру 

             Сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған жерлер бойынша проблемалы мәселелермен қатар жүргізілген жер реформасы шеңберінде еліміздің барлық өңірлеріндегі тұрғындар жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерді беру бойынша мәселені белсенді түрде көтеруде. Мәселен, жүргізілген талдау бойынша Call-орталыққа келіп түсетін қоңыраулардың және «jerturaly.kz» сайтындағы сұрақтардың 75% -нан астамы ЖТҚ-мен байланысты.

             Бүгінгі таңда республика бойынша ЖТҚ-ға берілген жер учаскелерін тегін алуға 1,3 млн. астам адам кезекте тұр. Әр қазақстандықты ЖТҚ-ға арналған тиісті инфрақұрылымдағы жер учаскесімен қамтамасыз ету проблемалы болып отыр.

             Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ҚР әрбір азаматы кез келген әкімшілік бірлікте ЖТҚ-ға арналған жер учаскесін алуға өтінім беруге құқылы. Бұл ретте бір адам бірнеше әкімшілік бірлікте кезекте тұратын жағдайлар да кездеседі, бұл өз кезегінде тұрғындардың дұрыс есепке алынбауына алып келеді және алыпсатарлыққа жағдай жасайды.  

    ЖТҚ-ға арналған жерге кезекте тұрғандарды қанағаттандырмау проблемасы заңмен белгіленген ЖТҚ үшін жер беру тәртібін айналып өтудің түрлі жолдарының дамуына және көптеген жер заңнамасын бұзушылықтарға (ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын заңсыз өзгерту және кейіннен оларды ЖТҚ-ға сегменттеу, мемлекеттік жер учаскелерін өз бетінше иелену және өз бетінше тұрғын үйлер салу) ықпалын тигізеді.

    Осыған орай, заң жобасымен әкімдіктерге ЖТҚ-ға арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтаждықтары үшін сатып алу мүмкіндігін беретін норма енгізіледі.


     

    4. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары

    Жер заңнамасы нормаларының және талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар кешенін жүргізу жолымен ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын жетілдіру


     

    5. Заң жобасын реттеу нысанасы

    Жер пайдалану құқығының туындау саласындағы, жер учаскелерін пайдалану, оларды пайдалануды мемлекеттік реттеу салаларындағы қоғамдық қатынастар заң жобасының реттеу нысанасы болып табылады


     

    6. Заң жобасының құрылымы

    Заң жобасы екі баптан тұрады:

    бірінші бап Қазақстан Республикасының Жер және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін тармақтардан тұрады;

    екінші бап Заңды қолданысқа енгізу тәртібін қарастырады


     

    7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар

    Заң жобасын қабылдаудың құқықтық салдарлары заңнаманың жерлерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу және оларды алып қою мәселелерін реттеуінде, сондай-ақ жер заңнамасын сақтауды қамтамасыз етуінде көрініс табады.

    Аталған заң жобасын қабылдаудың оң әлеуметтік-экономикалық салдарлары жер учаскелерін, оның ішінде ауыл шаруашылығы өндірісінің мұқтаждықтарына берілген жер учаскелерін ұтымды және мақсатты пайдалану үшін оң нәтижеге қол жеткізуде, жер учаскесін пайдаланбау не заңнаманы бұза отырып пайдалану фактілерінің қысқаруынан, жер учаскелерін жалға алу үшін ашық шарттар жасаудан көрініс табады


     

    8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір уақытта (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі

    Қажеттілік жоқ


     

    9. Заң жобасы нысанасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі

    Жер учаскелерін пайдалану мәселелері Азаматтық кодекспен, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Ипотека туралы», «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарымен реттеледі


     

    10. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы

    Әлемнің тәжірибені талдау отбасылы типтегі шағын шаруашылықтар басым болып келетін Данияда шаруашылықтың ең төменгі мөлшері заңды түрде белгіленгендігін көрсетіп отыр: мысалы, 150 гектардан асатын жағдайда шаруашылықты ірілендіруге рұқсат тек фермер органикалық тыңайтқыштарды пайдалану үшін оған қосымша жер қажет екендігін дәлелдеген жағдайда, және көрші фермерлердің ешбірінде сатып алуға басым құқық болмағанда беріледі. Жер иесі үшін де, жалға алушы үшін де шаруашылықта тұрақты тұру туралы талап бар. Шаруашылықты бөлуге ресми рұқсат, тек бөлу нәтижесінде құрылатын шаруашылықтар тіршілікке қабілетті деп қарастырылса ғана беріледі.

    Швецияда жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды жоспарлау және ұйымдастырудың негізгі құралы жерлерді шоғырландыру жобалары болып табылады. Олар жер иеленушілердің жерлерді тиімді пайдалануы тұрғысынан оларды тиімді қайта бөлуге мүмкіндік береді. 

    Ұлыбританияда жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру кезінде жер учаскелерінің шекараларын, алаңдарын және орналасқан жерлерін өзгертуге байланысты аумақтық жерге орналастыру әдістерін кеңінен пайдаланады.

    Канадада жеке қосалқы шаруашылықты жүргізу 3-40 гектар алаңдағы учаскелерде құрылысқа рұқсат бере және ГТО-ны пайдаланбай экологиялық таза өнімдерді өндіре отырып, коммерциялық емес мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ретінде жүзеге асырылады.

    Ресейде, Белорусьте, Украинада жеке қосалқы шаруашылықты жүргізудің осыған ұқсас шарттары қалыптасқан, мұнда үй маңындағы және танаптық телімдер айқын бөлінеді.

    АҚШ-та шетелдіктерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілетін учаскелердің нақты мөлшерлері белгілене отырып, штаттар бойынша орташа есеппен 10 жыл мерзімге беріледі.

    Барлық елдерде жалдау қатынастары жалдау шартымен реттеледі.

    Ресейде және Хорватияда жалдау шартының талаптарын орындамаған жағдайда, ол бұзылады, бұл ретте жалға алушы жұмсалған мүлігінің құнын өтеуге арналған құқығын жоғалтады.

    Польшада шарт талаптары бұзылған жағдайда жалға беруші ескерту мерзімдерін сақтамастан шарт әрекетін тоқтата алады.

    Ресей Федерациясында жер заңнамасына сәйкес жерлер пайдаланылмаған жағдайда билік органдары жер иелері мен жалға алушылардан жерді сот тәртібімен алып қою жөніндегі шараларды қабылдайды. Егер учаскенің бір бөлігі ғана пайдаланылып жатқан болса, сот шешімімен «артық» жер бөлініп, иесінен алыну мүмкін.

    Германияда жерлерді ұтымды пайдалануды бақылауға және жер иеленушілер тарапынан оларды пайдалану жөніндегі тиісті іс-шаралардың орындалуына ерекше назар аударылады. Бұл ретте, Германияда жер берудің екі кезеңнен тұратын жүйесі қолданылады. Яғни, бастапқыда жерді ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін тек 2-3 жылға алуға болады. Шарт талаптарын адал орындаған жағдайда ғана ұзақ мерзімге ұзартуға болады


     

    11. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығыстар

    Заң жобасын іске асыру республикалық бюджеттен 1,3 млрд.теңге (1 291 500 мың.теңге), сомасында қосымша қаржы шығындарын қажет етеді, оның ішінде:

    1) Қазақстандықтарға жалға берілетін жер учаскелерінің алқаптар түрлері бойынша  шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу бойынша методикалық ұсынымдар әзірлеу - 17,5 млн. теңге;

    2)

     Разработка методики определения потребности пастбищ для выпаса скота сельского населения–4 млн. тенге;

    3) Определение и установление границ пастбищных и сенокосных угодий для нужд населения (для отгонного животноводства (сезонные пастбища, жайлау), для выпаса скота населения и сенокошения) – 1,2 млрд.тенге;

    4) Разработка ТЭО на развитие АИС ГЗК (централизация системы, ведение автоматизированного количественного и качественного учета и мониторинга земель, интеграция с информационными системами и базами данных государственных органов) – 70 млн. тенге