«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасының тұжырымдамасы
Статус:НҚА түрі: Тұжырымдама Қоғамдық талқылаудың мерзімі: dd/MM/yy
1. Тұжырымдама атауы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасының тұжырымдамасы
2. Заң жобасының атауы «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізу туралы»
3. Заң жобасын әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі «Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 18 тамыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» № 308 Жарлығын орындау үшін әзірленді
4. Заң жобасын қабылдаудың мақсаттары Заң жобасының мақсаты болып Қазақстан Республикасының Жер кодексінің шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын және жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын берумен байланысты нормаларын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының қолданылуын тоқтатату мерзімін 2021 жылғы 31 желтоқсанға ұзарту болып табылады
5. Заң жобасын реттеу нысанасы Заң жобасын реттеудің мәні болып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалану саласында олардың пайдаланылуын мемлекеттік реттеудегі қоғамдық қатынасты реттеу табылады
6. Заң жобасының құрылымы
Заң жобасы 2 баптан тұрады:
бірінші бап Қазақстан Республикасы Жер кодексінің кейбір нормаларының қолданылуын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру мерзімін ұзартуды көздейтін тармақтардан тұрады.
екінші бап Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін қарастырады
7. Заң жобасы қабылданған жағдайда болжанатын құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарлар
Бұл заң жобасын қабылдаудың жағымды әлеуметтік-экономикалық салдары қабылдаудың құқықтық салдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына беру мәселелерін заңнамамен реттеудеде көрінеді. Сондай-ақ, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беру бойынша мәселелерін реттеуде.
Бұл заң жобасын қабылдаудың жағымды әлеуметтік-экономикалық салдары ауыл шаруашылығы өндірісінің мақсаты үшін берілген жер учаскелерін ұтымды және нысаналы пайдалану, аграрлық секторда оң нәтижеге қол жеткізу, одан әрі халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуді дамыту, жерді нарықтық айналымға тарту, ауыл шаруашылығы өндірісіне қосымша инвестициялар тарту үшін жағждайлар жасауда көрінеді
8. Басқа заңнамалық актілерді әзірленіп жатқан заң жобасына бір уақытта (кейіннен) сәйкес келтіру қажеттілігі Қажеттілік жоқ
9. Заң жобасы нысанасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен регламенттелуі Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалану мәселесі Азаматтық кодекспен, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексімен және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексімен реттелген
10. Қаралып отырған мәселе бойынша шетелдік тәжірибенің болуы Шет ел тәжіриебесіне жер мәселелрі бойынша нормаларды тоқтату бойынша практика болмаған
11. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын қаржылық шығыстар Аталған заң жобасын іске асыру республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы жұмсалуын талап етпейді
- 0
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі
- 0 1
- 594 Есептемені қарау Есептемені жүктеу